Мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік жауапкершілікке тартылу кезіндегі құқықтары

Елбасымыздың бастамасымен бекітілген Қазақстанның негізгі даму бағыттарын айқындайтын Ұлт жоспарының аясында кәсіби мемлекеттік аппарат құру бойынша реформаны жүзеге асыру барысында мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаға бірқатар өзгерістер енгізілді. 

Елбасымыздың бастамасымен бекітілген Қазақстанның негізгі даму бағыттарын айқындайтын Ұлт жоспарының аясында кәсіби мемлекеттік аппарат құру бойынша реформаны жүзеге асыру барысында мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаға бірқатар өзгерістер енгізілді. 
Осы өзгерістердің аясында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» жаңадан заң қабылданған болатын. Аталған заңға сәйкес мемлекеттік қызметтің басты қағидаларының бірі мемлекеттiк қызметшiлердiң құқықтық және әлеуметтiк қорғалуын қамтамасыз ету болып табылады. 
Осы қағида аясында мемлекеттік қызметшілер еліміздің конституциясымен кепілдік берілетін құқықтары мен бостандықтарды пайдалануға, ешбір кемсітушіліксіз еңбегінің қорғалуына, денсаулығының сақталуына, әлеуметтік және құқықтық қорғалуға құқылы.
Сонымен қатар, мемлекеттiк қызметшiлердің өзіне жүктелген міндеттерін тиісінше орындамауы, өкілеттіктерін асыра пайдалануы, қызметтік тәртіп пен әдепті бұзуы, сол сияқты мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулерді сақтамауы тәртіптік теріс қылық болып табылып, ол үшiн жеке жауаптылық көзделген.
Тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін мемлекеттік қызметшілерге ескертуден қызметінен босатуға дейінгі тәртіптік жазалар қолдануылуы мүмкін. Өз кезегінде, тәртіптік теріс қылық жасағаны толық дәлелденбейінше мемлекеттік қызметші кінәлі деп танылып, оған тәртіптік жаза қолданылмайды. Бұл ретте тәртіптік жаза қолдану барысында мемлекеттік қызметшілердің құқықтық қорғалуына кепілдік берілген. 
Атап айтқанда, тәртіптік жазаға тарту туралы шешім қабылдау үшін бірінші кезекте мемлекеттік қызметші анықталған бұзушылық бойынша түсініктеме беруі тиіс.
Ескерту, сөгіс және қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік жазалар мемлекеттік қызметшіден түсінік алу нәтижесінде қолданылса (егер қызметші кінәсін мойындаса), ал қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту немесе лауазымнан төмендету, сондай-ақ қызметінен босату түріндегі тәртіптік жазалар тек қана қызметтік тексеру қорытындысы және тәртіптік комиссияның шешімі бойынша ғана қолданылады. Бұл да мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік жазаға тартылу барысында тек әділ шешім қабылдануының кепілі болып табылады. 

Сонымен қатар, қызметтік тексеру жүргізу барысында мемлекеттік қызметшіге жеке қатысу құқығы берілген және мемлекеттік қызметші өзін тәртіптік жауаптылыққа тартуға байланысты барлық материалдармен таныстырылуға тиіс. Бұл да мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптарының мемлекеттік қызметшілердің құқығын қорғауға бағытталғандығының айғағы.
Жалпы мемлекеттік қызметшілерді тәртіптік жазаға тарту тәртібі Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 152 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидаларымен реттелген. 
Аталған құжаттың орындалуын және мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік жазаға тарту барысындағы құқықтарын қамтамасыз етуді мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті тұлға жүзеге асырады.
Есептік ақпараттарға сүйенсек жылдан жылға тәртіптік жазаға тартылған мемлекеттік қызметшілердің саны азайып келеді. Мысалы, 2016 жылдың 
9 айында 552 мемлекеттік қызметші тәртіптік жазаға тартылса, ағымдағы жылдың 9 айында мұндай мемлекеттік қызметшілердің саны - 374 құраған (жергілікті атқару органдардың қызметшілері).
Өкінішке орай, мемлекеттік қызметшілер өздерінің құқықтарын жеткілікті білмеуінің негізінде заңсыз тәртіптік жауапкершілікке тартылып жатады. Алайда, жекелеген қызметшілер ғана өздерінің құқықтарын қорғау үшін уәкілетті органға шағымданып жатады. 
Мысалы, 2016 жылы тәртіптік жазаға тарту барысында құқықтары бұзылғаны жөнінде 2 мемлекеттік қызметші Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментіне жүгінсе, ағымдағы жылы 6 мемлекеттік қызметшіден шағым түсті. 
2017 жылы жүргізілген тексерістер барысында шағымдарда көрсетілген тәртіптік жазалардың заңсыз екендігі анықталып, күштері жойылды, нәтижесінде 8 мемлекеттік қызметшінің құқықтары қорғалды. Бұл, тек ішінара тексерістер барысында және қызметшілер тарапынан шағымдар түскен жағдайда ғана анықталған бұзушылықтар.
Тексерістер барысында мән-жайды анықтамай тәртіптік шара қолдану, мемлекеттік қызметшінің тиісті материалдармен танысу құқығын шектеу, сондай-ақ, қызметші келіспеген жағдайда кепілдік берілген қызметтік 
тергеп-тексеруді жүргізбеу сияқты бұзушылықтар анықталып отырады. 
Көрсетілген бұзушылықтардың орын алуы мемлекеттік қызметшілер құқықтарының өрескел бұзылуымен қоса, жалпы мемлекеттік қызметтің имиджіне де нұқсан келтіреді, яғни мемлекеттік қызметтегі заңдылық қағидасының сақталмауына әкеп соғады. 


Заңнама талаптарына сәйкес тәртіптік жазаға тарту туралы шешімді мемлекеттік қызметшіні лауазымға тағайындауға және одан босатуға құқығы бар адам (көп жағдайда мемлекеттік орган басшылары) қабылдайды. Сондықтан, мемлекеттік қызметшілердің құқықтарының сақталуына бірінші кезекте мемлекеттік органның басшысы жауапты.
Бұл ретте, аталған лауазымды тұлғалар шешім қабылдауда заңдылықты басшылыққа алып, жұмысты дұрыс ұйымдастыруға, мемлекеттік орган ұжымында қолайлы моральдық-психологиялық ахуалды қалыптастыруға, жұмысты атқаруға тиісті жағдай жасауға міндетті.
Өз кезегінде Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызметшілердің тәртібін нығайтумен қатар, олардың құқықтарын қорғауға басым көңіл аударады. Тәжірибеде, кейбір мемлекеттік қызметшілерді дәлелсіз балағаттап, айыптайтын жағдайлар болатыны белгілі. Ондай кезде құзіретті орган ретінде аталған мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғауға күш салудамыз. Сондықтан арызданушылар бізді тек жазалаушы орган ретінде қарастырмауы тиіс. 
Осыған орай, мемлекеттік қызметшілер құқықтары бұзылған жағдайда келесі мекен-жай бойынша орналасқан Департаментке шағымдануға құқылы: Қарағанды қаласы, Бейбітшілік бульвары, 39 үй, 2 қабат. Тел. 8(7212)504075. 

Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы 
А. Шахмерденов


Вернуться назад

Аудан жаңалықтары

Архив

Аймақ жаңалықтары

Мемлекеттік бағдарламалар

Сұрау

Валюта бағамдары

Ауа-райы

Ақпараттық порталды қалай бағалайсыз? ОТВЕТИТЬ
Доллар 360.12
Евро 409.67
Рубль 5.33
В Нуринске сейчас: 30°C малооблачно
  • Дымқылдылық: 25%
  • Қысым: 708
  • Жел: 3 м/с

© 2007-2012 Информационный портал аппарата акима Нуринского района
© 2012 Разработка и поддержка: Интернет-компания «Creatida»