Білім беру саласындағы озық технологиялар

Қазіргі заман талабына орай ұрпақтарымызды парасатты да білікті, мәдениетті де білімді етіп тәрбиелеп, олардың дүниетанымын адамзаттық деңгейде дамытамыз десек, бойында ұлттық және азаматтық намысы бар ұрпақ өсіргіміз келетін болса, онда білім берудің түрлері мен әдістерін түрлендіріп, жаңартып отыруымыз керек.

Қазіргі заман талабына орай ұрпақтарымызды парасатты да білікті, мәдениетті де білімді етіп тәрбиелеп, олардың дүниетанымын адамзаттық деңгейде дамытамыз десек, бойында ұлттық және азаматтық намысы бар ұрпақ өсіргіміз келетін болса, онда білім берудің түрлері мен әдістерін түрлендіріп, жаңартып отыруымыз керек. Осы мақсатта қаңтардың 15-сі мен 20-сы аралығында С.О.Талжанов атындағы ЖОББ мектебінің химия пәнінің мұғалімі Рахимова К.К., физика пәнінің мұғалімі Муканова Г.А., математика пәнінің мұғалімі Мукушева Б.Ж., информатика пәнінің мұғалімі Базылова С.Т., география пәнінің мұғалімі Сулейменова Г.А. және биология пәнінің мұғалімі Толеуова Г.М. инновациялық және интерактивтік әдістемелерді пайдалана отырып, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Жаратылыстану әлеміне саяхат» атты математика-жаратылыстану пәндері апталығын сапалы әрі қызықты өткізді. 
Оқушылардың зияткерлік қабілеттерін аша отырып, «Рухани жаңғыру» бағдарламасына өз үлесін қосатын заман талабына сай жеке тұлға тәрбиелеу мақсатында өткен апталықтың бірінші күнінде «КВЕСТ» атты жас зерттеушілер сайысы өтті. Бұл ойында оқушылар өз білімдерін түрлі тапсырмаларды орындай отырып, көрсете алды. 
Елбасы өз сөзінде: «Қазақстандықтардың болашағы – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеруінде» дегендей, екінші күні «Химия, биология айналамызда» атты интеллектуалды ойынында оқушылар үш тілде биология және химия пәндерінің негізгі терминдерін айта білді. 
«Білім биржасы» және «МИФ мейрамханасы» деп аталатын танымдық ойындар оқушылардың білімдерін жүйелеп, функционалдық сауаттылықтарын одан әрі жетілдіре білді. 
Апталықтың соңы «Жаратылыстану әлемі» тақырыбында «КТК» интеллектуалды ойынымен аяқталды. «Пифагор», «Архимед ізбасарлары» және «Энергия» топтары арасында өткен ойында өздерінің білімдерімен көзге түскен «Архимед ізбасарлары» тобы жеңіске жетті.
Биылғы жылғы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауының жетінші міндетінде: «Білім берудің барлық деңгейінде математика және жаратылыстану ғылымдарын оқыту сапасын күшейту керек. Бұл – жастарды жаңа технологиялық қалыпқа дайындаудың маңызды шарты», - делінген. Қоғамымыздың экономикалық, саяси, мәдени дамуына үлес қосатын, әлемдік талапқа сай келетін білімді, мәдениетті азамат дайындап, тәрбиелеп шығару жолында оқыту мен тәрбиелеуге бағытталған осындай іс-шаралар жиі ұйымдастырылса, оң нәтиже береді деп ойлаймын.
Г.М. Төлеуова
С.О. Талжанов атындағы ЖОББМ


Вернуться назад

Аудан жаңалықтары

Архив

Аймақ жаңалықтары

Мемлекеттік бағдарламалар

Сұрау

Валюта бағамдары

Ауа-райы

Ақпараттық порталды қалай бағалайсыз? ОТВЕТИТЬ
Доллар 365.49
Евро 420.35
Рубль 5.60
В Нуринске сейчас: 5°C ашық
  • Дымқылдылық: 49%
  • Қысым: 721
  • Жел: 2 м/с

© 2007-2012 Информационный портал аппарата акима Нуринского района
© 2012 Разработка и поддержка: Интернет-компания «Creatida»