Серіктестікке серпін берді

Қазіргі уақытта елімізде әлеуметтік жауапты бизнесті құрылымдау үшін барлық жағдай жасалған.

Қазіргі уақытта елімізде әлеуметтік жауапты бизнесті құрылымдау үшін барлық жағдай жасалған. Отандық бизнесмендердің әлеуметтік жауапкершілігі қазақстандық патриотизмнің нағыз көрінісі және азаматтық қоғамды құрылымдау мен әлеуметтік мемлекетті құруда маңызды кезең болып табылады.


Қазақстанның жеке кәсіпкерлігі субъектілерінің корпоративті әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыру және ілгері дамыту, бұл салада үздік тәжірибені енгізуге оларды ынталандыру мақсатында бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша жыл сайынғы өткізілетін «Парыз» конкурсына Ықсан Таттыбаев басшылық етіп отырған «Пржевальское» серіктестігі де қатысып, Орта және шағын кәсіпкерлік субьектісі санаты бойынша марапатқа ие болды. 


Ықсан Балтабайұлы басқарып отырған серіктестік 2016 жылы ауыл халқына кейінгі 10 жылда төрт қабырғасы ғана қаңырап қалған ауыл клубына 54 млн. теңгеге жөндеу жұмыстарын жүргізіп, халық игілігіне іске қосқан. Бұл мемлекеттік жеке меншік әріптестік бағдарламасы негізінде жүзеге асқан игі шара - бүгінде ауыл мақтанышы. Ал, 2017 жылы ауыл мектебі спорт залының еденіне құны 3,5 млн. теңге тұратын заманауи үлгідегі резеңкелі төсемені жаңартып, бүкіл жылу жүйесін жаңадан жасақтап берген. 

Ауылдың әлеуметтік саласына салынған еңбек еш кетпеді. Ақталды. Серіктестік республикалық «Парыз» конкурсының «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» номинациясы бойынша күміс жүлдегер атанды. Мақтанарлыққа тұрар марапат серіктестік серілеріне серпін берді. Туған жерді гүлдендіру жолында тың жоспарлар құрғызып, жаңа жетістіктерге жетеледі.
Т.Пішенбаева


Вернуться назад

Аудан жаңалықтары

Архив

Аймақ жаңалықтары

Мемлекеттік бағдарламалар

Сұрау

Валюта бағамдары

Ауа-райы

Ақпараттық порталды қалай бағалайсыз? ОТВЕТИТЬ
Доллар 365.49
Евро 420.35
Рубль 5.60
В Нуринске сейчас: 5°C ашық
  • Дымқылдылық: 49%
  • Қысым: 721
  • Жел: 2 м/с

© 2007-2012 Информационный портал аппарата акима Нуринского района
© 2012 Разработка и поддержка: Интернет-компания «Creatida»