Нұралықтар топ жарды!

22-26 қаңтар аралығында Қарағанды қаласында 1999 жылы туылған ересектер арасында бокстан облыс чемпионаты өтті. 

22-26 қаңтар аралығында Қарағанды қаласында 1999 жылы туылған ересектер арасында бокстан облыс чемпионаты өтті. 
Айтулы сынға жерлестеріміз, Кертінді ауылының тұрғындары, дарынды былғары қолғап шеберлері Өміртай Нұрхан және Азамат Нүркен бауырларымыз қатысты. Тартысты өткен кездесудің нәтижесінде былғары қолғап шеберлері қанжығаларына 1 алтын, 1 күміс байлап, қоржындарын майлап қайтты. Алғашқы күміс жүлдені 64 келі салмақта өнер көрсеткен Азамат Нүркен алып келсе, 69 келі салмақ дәрежесінде Өміртай Нұрхан бауырымыз қарсыластары арасынан басымдық көрсетіп, 1-ші орынды жеңіп алып, алтын алқаны қанжығасына байлады!
Осы орайда боксшыларымызды біз де бағындырған жеңістерімен құттықтап, дендеріне саулық, жарқын жол тілейміз!
Алғашқы бапкерлері Хамзин Төлеутайға осындай батырларды тәрбиелеп шығарғаны үшін алғысымыз шексіз! 
Жерлестерімізді айтулы жеңістерімен құттықтап, алда талай байрақты бәсекелердің жеңісін күтеміз! Еліміздің жастарына жарқын үлгі болып жүре беріндер!
А.М. Мукашев
Нұра ауданы жастар ресурстық
орталығының директоры


Вернуться назад

Аудан жаңалықтары

Архив

Аймақ жаңалықтары

Мемлекеттік бағдарламалар

Сұрау

Валюта бағамдары

Ауа-райы

Ақпараттық порталды қалай бағалайсыз? ОТВЕТИТЬ
Доллар 360.12
Евро 409.67
Рубль 5.33
В Нуринске сейчас: 30°C малооблачно
  • Дымқылдылық: 25%
  • Қысым: 708
  • Жел: 3 м/с

© 2007-2012 Информационный портал аппарата акима Нуринского района
© 2012 Разработка и поддержка: Интернет-компания «Creatida»