Нұра орталығы – Нұра

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы еліміздің рухани өмірінде жаңаша серпін туғызды.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы еліміздің рухани өмірінде жаңаша серпін туғызды. Бәсекеге қабілетті ұлт құру жолында атқарылуы тиіс толағай міндеттерді көрсеткен мақалада ұлттық құндылықтарды құрметтеуде, туған жерді көркейтуде жаңашыл ойлау қажеттігі айтылған.
2016 жылы ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы Ә.Жақсыбековтің онамастикалық жұмыстарды жандандыру бойынша тапсырмасына сәйкес, ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай аудан бойынша екі елді мекеннің, бірі - аудан орталығы Киевка кенті Нұра кенті деп аталса, екіншісі - Щербаков ауылы Қайнар ауылы болып және үш ауылдық округ атауы мен 55 көше мемлекеттік тілде қайта аталуға ұсыныс беріліп, 2017 жылдың соңын ала күшіне енген болатын.
Осылайша кеңестік кезеңнің көлеңкесіндей болған атаулар төл тілімізде жаңарды. Бұл бастама аудан тұрғындарының еңсесін көтеріп, көңілдеріне мақтаныш ұялатты. Аудан орталығы Нұра деп аталмастан бұрын да, туған жерге деген зор құрметтің белгісіндей етіп, тұрғындар атынан жергілікті әкімшілік «Нұрлы жер жүрегім Нұра» деп ойып тұрып жазып қойған болатын. Бұл белгі бүгінгі күні жаңа атаумен қабысып, тіптен, аудан атауының мәнін аша түскендей.
Міне, аудан орталығының жаңа атауы жаңа жылдың алғашқы онкүндігінде жаңарған қалыпта тұғырға қонды. Бұл бастама ауданымыздың 90 жылдығына арналған «90 игі іс» акциясының тұсауын кесті.
Тазагүл Пішенбаева


Вернуться назад

Аудан жаңалықтары

Аймақ жаңалықтары

Мемлекеттік бағдарламалар

Сұрау

Валюта бағамдары

Ауа-райы

Ақпараттық порталды қалай бағалайсыз? ОТВЕТИТЬ
Доллар 319.88
Евро 394.41
Рубль 5.65
В Нуринске сейчас: -6°C пасмурно
  • Дымқылдылық: 79%
  • Қысым: 719
  • Жел: 4 м/с

© 2007-2012 Информационный портал аппарата акима Нуринского района
© 2012 Разработка и поддержка: Интернет-компания «Creatida»