Даладағы думан

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» тағылымдық тұжырнамасы, оның ішіндегі «Туған жер» бағдарламасы дер кезінде жазылған және елімізге ой салар баға жетпес құнды құжат болып отыр.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» тағылымдық тұжырнамасы, оның ішіндегі «Туған жер» бағдарламасы дер кезінде жазылған және елімізге ой салар баға жетпес құнды құжат болып отыр.
Аубакиров Қайыр Сағатұлы - казіргі таңда зейнеткерлік жасқа жеткен Кертінді ауылының тумасы, осы ауылда оқып, ер жеткен, болашақ өмір жолына жолдама алып, қанат қаққан ауылдың сыйлы азаматы. Көп жылдар бойы құрылыс саласында еңбек еткен, бас қаламыз Астана қаласының құрылысына қатысқан «Қазақстан Республикасының құрметті құрылысшысы» атағын алған. Қайыр Сағатұлының ауылға, елге деген сый-құрметі ерекше, оны ауыл тұрғындары бәрі де біледі, құрмет тұтады. Ауыл балаларының, жас спортшылардың ойындарына үнемі демеушілік көрсетіп, жетістіктеріне солармен бірге қуанып жүретін жайдары адал азамат. Сондықтан болар, Қайыр Сағатұлын ауыл балалары да жақсы көріп сыйлайды.
Қатарынан үш жыл бойы еліміздің Тәуелсіздік күніне орай Кертінді ауылында облыстық көлемде Нұра өзенінің бойында балық аулау шеберлігінен сайыс өткізіп жүр. Ауыспалы кубок пен жүлдегерлерге арнаулы сый-сияпат дайындауды да өз мойнына алған. 16 желтоқсан күні
Ел Тәуелсіздігінің 26 жылдығына орай және өзінің зейнеткерлікке шығуына арнап балық аулау шеберлігінен ауқымды іс-шараны елмен бірге өткізді. Әрине, туған күнін үлкен мейрамханаларда да өткізуге болушы еді, бірақ елмен бірге табиғат аясында игілікті есте қалар іс-шарамен өткізуге ұйғарған Қайыр Сағатұлы аянып қалған жоқ. Шахтинск қаласы, Балықтыкөл, Ақмешіт, Тассуат, Мыңбаев ауылдарынан, Киевка кентінен жиналған балықшыларға сәттілік тіледі. Қайыр Сағатұлының осындай игілікті ісіне ризашылығын білдірді.Төрт-төрт адамнан бөлінген командалық топтар мұз айдынына шығып, балық аулауға кірісіп те кетті. Жағада жиналған балықшыларға, қонақтарға арналған қазақтың екі қара қазаны бүлкілдеп қайнап жатты. Берілген уақыт мерзімі аяқталған соң, әділ қазылар мүшелері әр балықшының аулаған балықтарын өлшеп, үлкен-кішілігін бағалап, жүлдегерлерді анықтады.
Нәтижесінде 1-орынды «Сары ала» командасы (Капаров Сабит, Мажит Ақжол, Нұрлан Төлеуов, Владислав Рыбаков), 2-орынды «Қайсар» командасы (Сатанов Наган, Аскеев Сабит, Несипов Серғазы, Әбдіраш Тамерлан), 3-орынды «Достар» командасы (Қоқанов Олжас, Шеру Нұрлан, Сергей және Вадим) жеңіп алды.
Ең үлкен және ең бірінші шортан ұстағандар үшін ақшалай сыйлық берілді. Салмағы бойынша ең көп балық ұстаған Сатанов Наган І-орын, Нығметов Ерлан ІІ-орын, Капутов Сергей ІІІ орынды иеленді.
«Ең алғашқы балық» номинациясы бойынша Қоқанов Олжас, балалар арасында ең үлкен балық ұстағаны үшін кертінділік Әбдраш Тамерлан, «Жасы үлкен және ең кіші балықшылар» Шедин Анатолий, Шотбай Айбол, «Ең үлкен балық» номинациясымен кертінділік Қоқанов Олжас, «Ең кішкентай балық» номинациясы бойынша тассуаттық Капутов Сергей марапатталды. Жоғарыда аталған барлық азаматтар естелік сыйлықтар мен ақшалай ұтыстарға ие болды. Жалпы балықшылар сайысына 15 команда қатысты. Жүлдегерлерді Қайыр Сағатұлы, Балташ Омарұлы және астаналық Оразбеков Далабай Хамзеұлы анықтады. Ауыспалы кубок Шахтинск қаласының жігіттерінен құралған «Сары ала» командасына табысталды. Жүлдегерлер, жүлдесіз қалған балықшылар, қызықтаушы қонақтар - бәрі-бәрі осы бір іс-шараға риза болып, далада тігілген қостың қазанында дайындалған астан дәм татты. Балық аулау шеберлігін дәстүрлі мерекеге айналдырған Қайыр Сағатұлына деген шексіз ризашылықтарын білдіріп тарасты.

С.Қоқанов
Кертінді ауылдық мәдениет үйінің меңгерушісі


Вернуться назад

Аудан жаңалықтары

Архив

Аймақ жаңалықтары

Мемлекеттік бағдарламалар

Сұрау

Валюта бағамдары

Ауа-райы

Ақпараттық порталды қалай бағалайсыз? ОТВЕТИТЬ
Доллар 360.12
Евро 409.67
Рубль 5.33
В Нуринске сейчас: 30°C малооблачно
  • Дымқылдылық: 25%
  • Қысым: 708
  • Жел: 3 м/с

© 2007-2012 Информационный портал аппарата акима Нуринского района
© 2012 Разработка и поддержка: Интернет-компания «Creatida»