Мәжіліс депутаттары Нұра ауданында

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің аграрлық мәселелер жөніндегі комитетінің төрағасы Омаров Сапархан Кесікбайұлы және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Жамалов Аманжан Мәкәрімұлы бүгінде өңірлерді аралап, жұртшылықпен кездесіп, өңірлердің тыныс- тіршілігімен танысып жүр.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің аграрлық мәселелер жөніндегі комитетінің төрағасы Омаров Сапархан Кесікбайұлы және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Жамалов Аманжан Мәкәрімұлы бүгінде өңірлерді аралап, жұртшылықпен кездесіп, өңірлердің тыныс- тіршілігімен танысып жүр. Халық қалаулылары 9-10 қаңтар аралығында Нұра ауданына ат басын бұрды. Қайнар ауылының Мәдениет үйінде Қайнарауылы тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында тұрғындардың қойылған сұрақтарына жауаптар беріп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. «Қайнар» ЖШС қаржысына салынып, жаңадан ашылған «Алтын бесік» балабақшасы және басқа да әлеуметтік нысандардың жұмысымен, «Қайнар» ЖШС тыныс-тіршілігімен танысты.
Халық қалаулыларының іссапары Нұра көпсалалы колледжінде жалғасып, колледждің оқу үрдісі мен материалдық-техникалық базасы сараланды. Депутаттар Нұра ауданындағы жұмыс сапарын Шахтер ауылында қорытындылады. Шахтер ауылындағы «Шахтер» дене шынықтыру-сауықтыру кешені, «Нұра» жүзу кешені және «Шахтерское» ЖШС көкөніс сақтау қоймасы жұмыстарымен танысқан депутаттар іссапар барысында айтылған ұсыныстарды өз жұмыстарында негізге алатындықтарын айтты және Нұра ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына оң бағаларын берді.
Д.Алшинбаев
«Нұр Отан» партиясы Нұра
аудандық филиалы
төрағасының бірінші орынбасары


Вернуться назад

Аудан жаңалықтары

Архив

Аймақ жаңалықтары

Мемлекеттік бағдарламалар

Сұрау

Валюта бағамдары

Ауа-райы

Ақпараттық порталды қалай бағалайсыз? ОТВЕТИТЬ
Доллар 327.42
Евро 383.51
Рубль 5.29
В Нуринске сейчас: 24°C пасмурно
  • Дымқылдылық: 44%
  • Қысым: 702
  • Жел: 9 м/с

© 2007-2012 Информационный портал аппарата акима Нуринского района
© 2012 Разработка и поддержка: Интернет-компания «Creatida»