Жыл бағыты, меже биігі талқыланды

Аудан әкімдігінде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнер-кәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында көрсетілген міндеттердің Нұра ауданы бойынша орындалу барысын бағдарлаған актив өтті.

Аудан әкімдігінде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнер-кәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында көрсетілген міндеттердің Нұра ауданы бойынша орындалу барысын бағдарлаған актив өтті.
Аудан бойынша Жолдауға сай алға қойылған мақсаттар туралы аудан әкімі Ниқанбай Омарханов талдау жасады. Баяндама барысында Елбасы міндеттеген он тапсырманың біздің өңір бойынша бүгінгі күні іске асып жатқан жұмыстары да жоқ емес екенін аңғардық.
Индустрияландыру жаңа
технологияларды енгізудің көшбасшысына айналуы керек
Бұл бағытта жоғары еңбек өнімділігі бар қайта өңдеу секторына деген бағдар жалғасын таппақ. Бұл сала бір жыл ішінде 6,4%-ға өскен. Бұл сектордың еңбек өнімділігі жұмыспен қамтылған бір адамға шаққанда 7,3 мың долларды құраған. Бүгінгі күні кәсіпкерлікті қолдау картасына 3 жоба енгізілген. Оның біреуі жаңа жоба «Интерн» ЖШС «Өндірістік жарылғыш заттар өндіру және базистік қоймада жарылғыш материалдарды сақтау үшін шағын зауыт салу құрылысы» басталған. Жобаның құны - 579,2 млн теңге. Жоспарланған қуаты - 8000 тонна, 95 жұмыс орны ашылмақ.
Аудан бойынша көптеген өндірушілер бүгіннің өзінде заманауи автоматтандырылған, жартылай автоматтандырылған технологиялық желілерді қолдануда. Сонымен қатар, көпшілігі өндірісте қашықтықтан басқарылатын, бағдарламалық жабдықтар қолдануда.
Елбасы бірқатар қазақстандық өнеркәсіптік кәсіпорындарды цифрландыру бойынша пилоттық жобаларды жүзеге асыруды тапсырды. Ал біздің өңірде «Шұбаркөл Көмір» АҚ көмір разрезінде ағымдағы жылы «Ақылды карьер» басқару жүйесі енгізілуде.
«Ақылды технологиялар» - агроөнеркәсіп кешенін қарқынды
дамыту мүмкіндігі

Елбасы баса айтқандай, аграрлық саясат еңбек өнімділігін түбегейлі арттыруға және өңделген өнімнің экспортын ұлғайтуға бағытталмақ.
Аудан бойынша заманауи технологияларды қолданып жүрген шаруа қожалықтары бар. Бұл орайда егін шаруашылығының нақты элементтері, GPS және жерді алдын ала тексеру технологиялары қолданылуда. Яғни, осылайша жинақталған мәліметтер – егінді жоспарлауға, жер тыңайту және өсімдік қорғау кезінде нақты есеп жүргізуге, астық өнімділігі мен қаржылық болжам жасауға кең мүмкіндік береді.
Бұның өзі – фермерлердің химиялық өңдеуге жұмсалған қаржының 30 пайызын үнемдеуге және астық өнімділігін 40 пайызға арттыруға мүмкіндік жасайды.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, ауылшаруашылық кооперацияларын құру жұмыстарын күшейтіп, сүт кооперативтерін көбейту көзделуде. Сонымен қатар ауданнан сүтті пакеттейтін кіші сүт зауытын салу жұмыстары жүргізілмек.
Бүгінгі күні ауданда 284 аула біріктірген сүт бағытындағы 12 кооператив құрылған. Қазіргі уақытта аудан бойынша 25 кооператив бар. Олар өз өнімдерін өндірушілерге тапсыруда. Кооперативтерге шығындарын өтеу үшін 24,6 млн. теңге көлемінде субсидия төленген.
Ауыл шаруашылығы кооператитерін құру бойынша жүзеге асырылған пилоттық жоба аясында «Асыл түлік» акционерлік қоғамы 12 кооперативтің және 1402 ірі қара мал басына диагностика жұмыстарымен қатар қолдан ұрықтандыру жұмыстарын жүргізді. Бұл жұмыстар - өмір талабы, сонымен қатар мал ауруының алдын алуға көп септігін тигізбек.
Бұл саладағы тағы бір маңызды мәселе - жерді тиімді пайдалану, ал тиімсіз пайдаланылған жерлерге шара қолдану, жол инфрақұрылымының тиімділігін арттыру.
Ішкі өңірлік қатынастарды жақсарту үшін автожолдардың жергілікті желісін жөндеу мен қайта салуға арналған қаржы көлемін көбейту керек және осыған жыл сайын бөлінетін бюджет қаражатының жалпы көлемін орташа мерзімдегі кезеңде 150 миллиард теңгеге қажет деп Елбасы атап өтті.
2018 жылға аудан бойынша жолдарға жөндеу жұмыстарына 1,2 млрд. теңге бөлінді. Аудандық маңызы бар жолдардың жөндеу жұмыстарына 735,2 млн. теңге бөлінді.
Оның ішінде:
- республикалық бюджеттен «Изенді - Соналы - Пикет» жолында орналасқан көпірдің реконструкциясын аяқтау үшін 589,9 млн. теңге;
- облыстық бюджеттен аудандық маңызы бар автомобиль жолдарына ағымдық өндеу жұмыстарын жүргізу үшін 120,1 млн. теңге;
- ауыл көшелерінің жолдарын жөндеу үшін 24,4 млн. теңге;
-«Шахтер-Майоровка» жолына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша жобалық сметасына мемлекеттік сараптама өткізу үшін 0,8 млн. теңге;
- облыстық маңызы бар жөндеу жұмыстарына 440,1 млн. теңге бөлінді.

Коммуналдық сектор мен құрылыста заманауи технологияларды қолдану

Тұрғын үймен қамтамасыз ету 22,1 шаршы метр. Елбасы тапсырмасын орындай отырып, 2030 жылға қарай бір адамға 30 шаршы метрлік көрсеткішке жеткізуіміз керек. Бұл межеге жету үшін бізге құрылыс саласында ауқымды жұмыстар жүргізу керек.
2017 жылы облыстық бюджеттен бөлінген 196,6 млн.теңгеге 24 пәтерлік екі үйдің құрылысы жалғастырылып, ИКИ жасалды.
2018 жылы екі пәтерлі 20 үйдің құрылысы мен ИКИ-на облыстық бюджеттен 519,1 млн. теңге бөлінді.
12 ауылда салынатын жалдамалы екі пәтерлі үйдің ЖСҚ аудандық бюджеттен 5,0 млн.теңге бөлінді.
Ағымдағы жылы аудандық бюджеттен ауылдық жерлерден мамандарға үй сатып алу үшін 3,0 млн. теңге қарастырылды.
Елбасы ауылдық елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамту үшін үкіметке жыл сайын 100 млрд. теңге қаражат қарастыруды тапсырды.
Нұра ауданында орталықтандырылған ауыз сумен 22 елді мекен қамтылған.
2017 жылы Нұра кенті мен Көбетей, Байтуған ауылдарында су құбырларын қайта жөндеу жұмыстарының СЖҚ жасауға 6,6 млн. теңге және аудан бойынша су құбырларының ағымдық жөндеу жұмысына 52,6 млн. теңге облыстық және аудандық бюджеттерден бөлінді.
Ағымдағы жылы Жанбөбек, Талдысай ауылдарының су құбырларын күрделі жөндеуге арналған СЖҚ 6,0 млн. теңге және Жараспай, Изенді ауылдарына ауыз суды тұщыландыратын қондырғы алуға 6,0 млн. теңге жергілікті бюджеттен бөлінді.
Еліміздің таяу арадағы дамуының басты бағдарламасын, бағдарлы Жолдауды талдау барысында «Сүлейменов» ШҚ жетекшісі Сүлейменов Нұрлан, Нұра № 2 жалпы орта білім беретін мектебі директорының бастауыш сыныптар бойынша орынбасары Айнұр Құсаинова, аудандық орталық аурухананың терапевт дәрігері Татьяна Исакова, Кертінді ауылының жас кәсіпкері Ақбөпе Қоқанова, Жастар ресурстық орталығының директоры Азамат Мұқашев өз ойларын ортаға салып, активке қатысушылармен бөлісті.

Т.Пішенбаева


Вернуться назад

Аудан жаңалықтары

Архив

Аймақ жаңалықтары

Мемлекеттік бағдарламалар

Сұрау

Валюта бағамдары

Ауа-райы

Ақпараттық порталды қалай бағалайсыз? ОТВЕТИТЬ
Доллар 365.49
Евро 420.35
Рубль 5.60
В Нуринске сейчас: 5°C ашық
  • Дымқылдылық: 49%
  • Қысым: 721
  • Жел: 2 м/с

© 2007-2012 Информационный портал аппарата акима Нуринского района
© 2012 Разработка и поддержка: Интернет-компания «Creatida»