ЕЛ ТІРЕГІ – ЕЛБАСЫ

Еліміздің айтулы күндердің бірі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні. Тарихқа шолу жасасақ, Тұңғыш Президент күні ретінде 1 желтоқсанның таңдалу себебі – дәл осы күні халықтың қолдауымен 1991 жылы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды.

Еліміздің айтулы күндердің бірі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні. Тарихқа шолу жасасақ, Тұңғыш Президент күні ретінде 1 желтоқсанның таңдалу себебі – дәл осы күні халықтың қолдауымен 1991 жылы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды.
Нұра ауданы Пржевал ауылы да бұл мерекеден тыс қалмады.
«1 желтоқсан - ел тарихы үшін елеулі күн» деген атпен ауылдық Мәдениет үйінде орналасқан кітапханада кітап көрмесі ұйымдастырылып, Елбасының өмір жолы туралы көптеген мағлұматтар беріліп, кітаптарға шолу жасалды. Көрмеде Тұңғыш Президентіміз, Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстанды әлемнің дамыған, елдердің қатарына қосу жолындағы еңбегі паш етілді.
Елбасы саясатының, қырағы көрегендігінің арқасында біздің еліміз қазіргі таңда көшбасшымыздың соңынан еріп, татулықта, молшылықта, ынтымақта өмір сүріп келе жатыр. Айтулы мемлекеттік мереке күні Пржевал ауылының Мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған мәдениет қызметкелері, ұстаздар мен оқушылардың қатысуымен «Ел тірегі – Елбасы» атты салтанатты мерекелік концерт өткізілді.
Салтанатты шара Пржевал ЖОББ мектебінің жоғары сынып оқушыларының орындауындағы қазақ биімен ашылды.
Ауыл әкімі Ерболат Ерденұлы Абаев жалпы концертке жиналған ауыл тұрғындарын құттықтап, ауылымыздың демографиялық жағдайына зор үлес қосып, дүниеге жеті бала әкеліп, тәрбиелеп отырған, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен: Айжан Бимендіқызы Ишанкулова және Айсауле Бакентайқызы Сабитаева сынды екі батыр анаға “Алтын алқаларын” табыс етіп, сыйлықтарын тапсырды.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында ауылдың қоғамдық - саяси өміріне белсенді қатысқаны үшін және жаңа қазақстандық қоғам құру ісіндегі жеке еңбегі үшін ауылымыздың еңбеккерлері Е.Айтуған, Е.Дөтей, М.Бердкей, Н.В.Лещинскаяларды марапаттап, сыйлықтар табыс етті.
ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай, Нұра ауданы мектептерінің 9-11 сыныптар арасында өткізілген, Пржевал ЖОББ мектебінің мұғалімі К.М.Төлеутаеваның жетекшілігімен шығармашылық байқауға қатысып, І-ші орынға ие болған 10-шы сынып оқушысы Жапар Қымбатқа грамота мен планшет табысталды. Нұра ауданы Ахмет ауылында өткізілген Сәкен оқуларына қатысып, І-ші орынға ие болған 6-шы сынып оқушысы Хабылбек Серік грамотамен марапатталды. «Бір шаңырақ астында» атты шығарма сайысында ІІ - ші орынға ие болғаны үшін 5-ші сынып оқушысы Мейрам Мәди грамотамен марапатталып, жетекшілік еткен Пржевал ЖОББ мектебінің мұғалімі Ә.О.Үсенова Алғыс хатпен марапатталды.
Мерекелік іс-шара ауыл өнерпаздары мен мектеп оқушыларының қатысуымен ұйымдастырылған концерттік бағдарламамен жалғасты.
Г.И. Бекеева
Пржевал ауылы


Вернуться назад

Аудан жаңалықтары

Архив

Аймақ жаңалықтары

Мемлекеттік бағдарламалар

Сұрау

Валюта бағамдары

Ауа-райы

Ақпараттық порталды қалай бағалайсыз? ОТВЕТИТЬ
Доллар 361.94
Евро 423.25
Рубль 5.40
В Нуринске сейчас: 22°C ашық
  • Дымқылдылық: 28%
  • Қысым: 709
  • Жел: 5 м/с

© 2007-2012 Информационный портал аппарата акима Нуринского района
© 2012 Разработка и поддержка: Интернет-компания «Creatida»