Еңбек есейткен ер

Әңгімемізге арқау болып отырған Балғабек Нұрғалиұлы өмірінің саналы ғұмырын білім беру жолына арнаған үлкен әріпті жан дүниесі педагог жан.

Әңгімемізге арқау болып отырған Балғабек Нұрғалиұлы өмірінің саналы ғұмырын білім беру жолына арнаған үлкен әріпті жан дүниесі педагог жан. Ол Ақмола облысы Қорғалжын ауданында 1935 жылы қазан айында дүниеге келген. Ақмоладағы Мәлік Ғабдуллин атындағы №28-ші теміржол мектебін бітірген. 1954-1959 жылдары Алматыдағы бұрынғы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің тарих факультетін тәмамдап, Қорғалжын орта мектебінде тарих пәнінің мұғалімі, кейін аудандық бөлімнің инпекторы болып жұмыс атқарды. Зейнеткерлікке шыққанға дейін Қорғалжын аудандық партия комитетінің нұсқаушысы, «Қорғалжын» кеңшарының партия ұйымының хатшысы, «Қорғалжын» кеңшарының В.В.Куйбышев атындағы мектебі және Баршын орта мектебінің директоры, Теңіз ауданы оқу бөлімінің меңгерушісі болып табаны күректей он бес жыл, Теңіз аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары, Компартия оқуларының жетекшісі, насихатшы,Теңіз аудандық атқару комитетінің бастауыш партия ұжымының хатшысы, Теңіз аудандық партия комитетінің тексеру комиссиясының төрағасы, Теңіз ауданы сайлау комиссиясының төрағасы қоғамдық жұмыстарын атқарған. Зейнеткерлікке шығып Нұра ауданы білім беру бөлімінде аға маман, әдіскер жұмыстарын аса жауапкершілікпен атқарған азамат.
Табысты еңбектері үшін Қазақстан Компартиясы орталық Комитетінің Құрмет грамотасы, «Еңбек ардагері», «Тың, тыңайған жерлерді игеру», «За доблестный труд», «В.И.Лениннің туғанына 100 жыл» медальдарымен; «ҚР-ның оқу ісінің озық қызметкері» төс белгісімен марапатталған.
Әкесі Бекайдаров Нұрғали өз кезінде белді-беделділердің қатарында болған сегіз қырлы, бір сырлы көп оқымаса да көп тоқыған көзі ашық, көкірегі ояу,танымал, беделді қызметкерлердің бірі еді.Ұлы Отан соғысы басталған 1941 жылдың жазында алғашқы лекпен майданға аттанып, 1943 жылы Орел- Курск бағытындағы қантөгісте ерлікпен қаза тапқан.Анасы Сара Балабекқызы қарт ата-енесі мен балаларына пана болып, бала күтіп, үй шаруасымен шұғылданып, жарасымды отбасының ұйытқысы болған еді. Көзін еңбекпен ашқан бала көңіл, адал еңбек етуді өмірлік мүдде, мақсат етіп қалыптасты. Жақсыны жатсынбады, жүрген жерінде жасы үлкенге іні, кішіге қамқор аға бола білді.Жоқта жасымады, барда тасымады. Азаматтығынан айнымады.
Өмірдің ыстығына күйіп, суығына тоңып жүрсе де кісілік пен кішілікті азаматтық парызы санаған ол 1961 жылы шаңырақ көтереді.Зайыбы – Бәкен Қабылдақызы физика-математика пәндерінің маманы. Қырық жылдан артық мектепте үздіксіз дәріс берген ұстаз. Ұстаздық адал еңбегі үшін Бәкен Қабылдақызы «Қазақ КСР халық ағарту ісінің озыққызметкері», «Ана даңқы» ордені, «Қажырлы еңбегі үшін», «Еңбек ардагері» медальдерімен марапатталған.Саналы ғұмырының қырық үш жылдық еңбегін Теңіз өңірінде өткізген, халық ағарту ісінің үздігі Балғабек Нұрғалиұлы бүгіндері бейнетінің зейнетін көріп отырған ардақты әке, аяулы ата. Бұрынғылар жаратылыста адам баласы жұбайлық үш кезеңнен өтеді деген екен. Біріншісі – алғаш қосылған, жұбайлық өмірге бет бұрған жастық шағы, екінші кезеңі – қуаныш пен қайғыда, тоқшылық пен жоқшылықта отбасының бақыты үшін бір жығылып, бір тұрған отбасылық құндылықты сақтаудағы сыйластық кезең, үшінші кезең – ұрпағын өсіріп жеткізіп, артта қалған арман жылдарын, жастық шақтарын сағынышпен еске алатын аяушылық кезең десе керек. Жұбайлық өмірдің үш кезеңінде де бірге болып келе жатқан зайыбы екеуі бүгінгі күні немере-шөберелерінің ортасында шат-шадыман өмір сүріп келеді.
Ұстаздықтың ұстанымын көріп өскен ұл-қыздарының әрқайсысы өнегелі отбасы болып отыр.Ұлдары Ерланы мен Нұрланы құқық қорғау саласында қызмет атқарса, қыздары Райхан, Гүлмира, Алтын,Гаухар, Нүргүл ата-ана тәрбиесімен ұстаздықтың ұлы жолын өздеріне өмірлік нұсқа еткен жандар. Маңдайына жазған Ғалымжан бастаған күйеу балалары да озық ойлы сыйлы, абыройлы азаматтар. Келіндері Қорланы мен Құралайы енеден алған үлгілерімен отбасыларының ұйытқысы болып отырған жайлары бар.
- Шаңырақ көтергенімізге елу бес жылдан артық уақыт өтті. Еңбегім жемісті болып, мерейім үстем болған болса ол да Бәкеңнің арқасы. Мен мынаны баса айтқым келеді, отбасында бақытты еркек – сыртта да бақытты. Отбасына ер адам – қамқор, әйел-ана үйдің алтын діңгегі. Отбасылық одақ мықты болған жағдайда азаматтың абыройы асқақ. Әр отбасында береке-бірлік, татулық болса, алтын босаға Отанымыздың да іргесі мықты. Екінші – еңбек деген байлық бар ерінбеген жететін деген асыл сөз тегін айтылмаса керек. Бүгінгі күні елім елеп, халқым қалап жатса адал еңбегімнің арқасы деп білем, - дейді елағасы.
Иә, еңбек есейткен елағасы Балғабек Нұрғалиұлы осындай жан.
Нұрыш Нақыпова


Вернуться назад

Аудан жаңалықтары

Архив

Аймақ жаңалықтары

Мемлекеттік бағдарламалар

Сұрау

Валюта бағамдары

Ауа-райы

Ақпараттық порталды қалай бағалайсыз? ОТВЕТИТЬ
Доллар 341.18
Евро 392.97
Рубль 5.34
В Нуринске сейчас: 15°C ашық
  • Дымқылдылық: 53%
  • Қысым: 713
  • Жел: 3 м/с

© 2007-2012 Информационный портал аппарата акима Нуринского района
© 2012 Разработка и поддержка: Интернет-компания «Creatida»