29 қараша күні Нұра ауданында С.Сейфуллин алғаш мектеп ашып

29 қараша күні Нұра ауданында С.Сейфуллин алғаш мектеп ашып, ұстаздық жолын бастаған Аxмет ауылының С.Сейфуллин атындағы ЖОББ мектебінде білім беру мекемелерінің оқушылары арасында VII Сәкен оқулары аудандық кезеңі өтті.

29 қараша күні Нұра ауданында С.Сейфуллин алғаш мектеп ашып, ұстаздық жолын бастаған Аxмет ауылының С.Сейфуллин атындағы ЖОББ мектебінде білім беру мекемелерінің оқушылары арасында VII Сәкен оқулары аудандық кезеңі өтті. Мектеп ұжымы алдымен мектептің С. Сейфуллин мұражайымен таныстырды. Аудандық Сәкен оқуларының салтанатты ашылу рәсімінен кейін ҚР еңбек сіңірген әртісі, өнер зерттеуші ғалым Серік Оспанов ағамыз С.Сейфуллиннің музыкалық мұрасынан танымды да, тағылымды дәріс берді. Сәкен оқулары үш номинация бойынша өткізілді.
Байқаудың қорытындысы бойынша «Құр өлең деп ойлама, ынталы сөзге құлақ сал» Сәкен шығармаларын жатқа мәнерлеп оқу номинациясы бойынша: І - орын Оразбек Аңсар (Р.Асубаев ЖОББМ, 9-сынып) , ІІ - орын Акишева Меруерт (А.Асылбеков ЖОББМ, 9-сынып), ІІІ - орын Қабылбек Серік (Пржевал ЖОББМ, 6-сынып) иеленді.
«Бізден қалар талай белгі, кейінгіге мәңгіге» -С.Сейфуллиннің прозалық шығармаларынан үзінді оқу (монолог) номинациясы бойынша: І - орын Айдын Рәна (Р.Асубаев ЖОББМ, 9-сынып), ІІ – орын Махметқұл Нұрлыбек (С.Сейфуллин ЖОББМ, 5-сынып), ІІІ – орын Абылқадыр Аружан (М.Сүлейменов ЖОББМ, 8-сынып) иеленді.
«Сым пернені басып қара, басып қара жырласын» жас дарындар сайысы номинациясы бойынша: І- орын Бақытұлы Жандос (Киевка №2 ЖОББМ, 11-сынып), ІІ – орын Сабыржанова Жанерке (Балықтыкөл НОМ, 9 - сынып), ІІІ – орын Зейноллаев Тимур (Қарой ЖОББМ, 9 - сынып) иеленді.
Жеңімпаздар мадақтама қағазарымен және Нұра ауданының жастар ресурстық орталығы тарапынан сыйлықтармен марапатталды.


Вернуться назад

Аудан жаңалықтары

Архив

Аймақ жаңалықтары

Мемлекеттік бағдарламалар

Сұрау

Валюта бағамдары

Ауа-райы

Ақпараттық порталды қалай бағалайсыз? ОТВЕТИТЬ
Доллар 361.94
Евро 423.25
Рубль 5.40
В Нуринске сейчас: 22°C ашық
  • Дымқылдылық: 28%
  • Қысым: 709
  • Жел: 5 м/с

© 2007-2012 Информационный портал аппарата акима Нуринского района
© 2012 Разработка и поддержка: Интернет-компания «Creatida»