Еске алу турнирі өтті

Пржевал ауылында Хуанбек Батырбекті еске алу мақсатында ерлер арасында волейболдан ашық турнир өтті.

Пржевал ауылында Хуанбек Батырбекті еске алу мақсатында ерлер арасында волейболдан ашық турнир өтті.
Ақ көңіл, аңғал, спорт десе жанып тұратын досымызды еске алып, турнир өткіземіз деген ой үш ұйықтасақ та, түсімізге кірмеген еді. Өмірдің жазуы. Жүрегі кең, ой-өрісі өрелі, нағыз қазақы болмысты, өр тұлғалы досымыздан тамыз айында айырылып қалдық. Спорттық жарыстарда тек Пржевал ауылы емес, ауданның намысын ту етіп, бірнеше мәрте сайысқа түсіп, жеңіспен оралғанымыз әлі де есте. Естен шығуы мүмкін де емес. Ал, бүгін Батырбек досымыздың орны ортамызда ойсырап тұр...
Турнирға ауданға қарасты ауылдардан және көрші Осакаровка ауданынан және Ақмола облысының Целиноград ауданы Қоянды ауылынан командалар қатысып, бақ сынасты. Командалар екі топқа бөлініп, ойын көрсетті. Бабы мен бағы келісіп, үш команда суырылып алға шықты. Олар: Қоянды ауылының волейболшылары ІІІ орын, жергілікті Пржевал ауылының ІІ–ші командасы ІІ орын, Мыңбаев ауылынан қатысқан екі топтың ІІ-ші тобы І орынды қанжығалады.
Еске алу турниріне арнайы қатысқан ауыл әкімі Абаев Ерболат Ерденұлы жиналған қауымға жүрек жарды лебізін білдіріп, спортшыларға сәттілік тіледі. Аудан орталығынан Балалар және жасөспірімдер спорт мектебі директорының орынбасары Серік Есенов арнайы келіп, естеліктерімен бөлісті.
Досымыз Хуанбек Батырбектің отбасы да турнирге шақырылды. Келді. Спортшылар арасынан біріне бала, біріне әке, біріне аға, біріне жар болған Батырбекті іздеп тұрғандай көрінді бізге. Өзекті өртеген сағыныш пен өкініш пе екен, еріксіз көз жанарларынан ыстық жас болып тамғанын байқадық...
Еске алу турнирі барысында Батырбекпен сый-ласқан, бүгінгі шараны ұйымдастырушы дос-жарандары құдайы дастарқан жайып, марқұмның аруағына құран бағыштадық.
Осы кезде ауылымыздың «Пржевальское» серіктестігінің басшысы Ықсан Тәттібаевқа зор алғысымызды білдіреміз. Ауыл жастарын спортқа бейімдеп, осы жолда аянбай жаттығуларына зор ықпал етіп, ауыл мектебіне қарасты спортзалдың жылу жүйесін толығымен жаңартып, сонымен қатар еденіне жаңадан арнайы жасалған, кейінгі үлгідегі резеңкелі төсемені 3,5 млн. теңгеге жаңартып берді.
М.А.Джазалиев
дене шынықтыру пәнінің мұғалімі,Пржевал ауылы.


Вернуться назад

Аудан жаңалықтары

Аймақ жаңалықтары

Мемлекеттік бағдарламалар

Сұрау

Валюта бағамдары

Ауа-райы

Ақпараттық порталды қалай бағалайсыз? ОТВЕТИТЬ
Доллар 335.33
Евро 395.49
Рубль 5.70
В Нуринске сейчас: -10°C ашық
  • Дымқылдылық: 65%
  • Қысым: 729
  • Жел: 3 м/с

© 2007-2012 Информационный портал аппарата акима Нуринского района
© 2012 Разработка и поддержка: Интернет-компания «Creatida»