Катя – республикалық жоба жеңімпазы

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында, 29 қараша күні, Астана қаласында «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өткізілді.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында, 29 қараша күні, Астана қаласында «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өткізілді.
Осы салтанаттан « Тірек мектеп (РО) «№3 Киевка ЖОББ» мектебінің 11 орыс сынып оқушысы Дятлова Катя мектебімізге зор қуанышпен оралды. Ол «Кемел елдің – кемеңгер қаламгерлері» тақырыбындағы өз эссесінде қазақтың зиялысы, ғалым, әдебиеттанушы, аудармашы, тарихшы, этнограф, экономист, мал шаруашылығын зерттеуді ғылыми жолға қоюшы, публицист ретінде қазақ халқының саяси, әлеуметтік-мәдени, рухани тарихында өшпестей із қалдырған ұлы тұлға Алихан Бөкейханды сан қырынан таныта талдап, заманауи жастармен сабақтастыра білген еді. Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен өткізілген «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасының Алаш Орданың 100 жылдығына арналған жобаның жетекшісі Сагимбекова Ләззат Жангелдіқызы - жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
- Қарағанды облысы бойынша республикалық деңгейге тек үш оқушы ғана жолдама алған екенбіз. Соның бірі – біздің Катя болды. Ал Қарағанды облысынан іріктелген командамыздағы екі оқушының бірі - Н.Нұрмақов атындағы ММИ-ның оқушысы болса, екіншісі - «Білім-инновация» лицейінің оқушысы екен. Қазақ тілінде жазылған бұл жоба Катяның жетістігі ғана емес, қазақ тілі мен мәдениетіне деген құрметін көрсетеді деп білем, - дейді жетекшісі қуанышын жасыра алмай.
Нұрыш Нақыпова


Вернуться назад

Аудан жаңалықтары

Аймақ жаңалықтары

Мемлекеттік бағдарламалар

Сұрау

Валюта бағамдары

Ауа-райы

Ақпараттық порталды қалай бағалайсыз? ОТВЕТИТЬ
Доллар 335.33
Евро 395.49
Рубль 5.70
В Нуринске сейчас: -10°C ашық
  • Дымқылдылық: 65%
  • Қысым: 729
  • Жел: 3 м/с

© 2007-2012 Информационный портал аппарата акима Нуринского района
© 2012 Разработка и поддержка: Интернет-компания «Creatida»