Елін сүйген Елбасы

Қазақстан үшін 1 желтоқсан - мемлекет тарихының мерейлі күні саналуға лайықты. Парламенттің бекітуімен 2012 жылы 1 желтоқсан - ҚР Тұңғыш Президенті күні ретінде аталып өтті, баршамыз үшін қуанышты оқиға болды.

Қазақстан үшін 1 желтоқсан - мемлекет тарихының мерейлі күні саналуға лайықты. Парламенттің бекітуімен 2012 жылы 1 желтоқсан - ҚР Тұңғыш Президенті күні ретінде аталып өтті, баршамыз үшін қуанышты оқиға болды. Тәуелсіздігімізді алған соң, халықтың басын біріктіріп Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының сындарлы саясатының арқасында Қазақстан әлемге танылды.
Баршын ЖОББ мектебінде мереке қарсаңында «Елін сүйген Елбасы» атты тарихи-танымдық кеш өтті. Жоғары деңгейде өткен кешті ұлағатты ұстаз, тарих пәнінің мұғалімі Курамысова Абайгүл Тұржанқызы өткізді. Кештің шымылдығы ҚР әнұранымен ашылды. Елбасына деген сүйіспеншіліктерін 5-6 сынып оқушылары жыр- өлеңдерімен жеткізді. Одан кейін «Елбасы» әніне ұласып, Елбасына арналған бейнебаян көрсетілді. Кештің сәнін 7-8 сынып қыздарының қазақ биі одан сайын көркін аша түскендей болды. Өздерінің Елбасы туралы қанатты сөздерін ортаға паш еткен 9-сыныптың сері жігіттері де аянып қалмады. 9-сынып қыздары да мың бұралған билерімен ерекше көзге түсті.Елбасына арнау жолдарымен келген 10-сынып оқушылары да өз ықыластарын жеткізді.
Ел басқарған Нұрсұлтандай ағам бар,
Көк алқапты жасыл жайлау далам бар, – дегендей, ортаға 7, 8, 9, 10 сыныптар шығып, «Атамекен» әнін хормен орындады. Кештің аяғы оқушылардың Елбасына арнаған жүрек жарды флешмобымен аяқталды. Әр оқушының көзінде Отанға, Елбасына деген сүйіспеншілік пен махаббат көргендей болдық. Сөз соңында өздерінің ақ тілектерімен ортаға ардагер ұстаз Рашида Жұмаділдақызы оқушыларға өзінің ойлы ақылы мен тілегін айтса, тәрбие ісінің орынбасары Гауһар Балғабекқызы Тәуелсіздіктің құны қымбат екені туралы оқушыларға ой тастады. Оқу ісінің меңгерушісі Гүлдана Сабырқызы Абайгүл Тұржанқызына шексіз ризашылығын білдірді. Келген көрермендер де өз ризашылықтарымен бөлісіп, рухани демалып, жақсы көңіл күймен тарқасты.
«Біз көшпенділердің ұрпағымыз. Ержүрек халықтың жалғасымыз. Мен жастарға сенемін. Әрқашан тұрақтылықты қорғап, бірлікті сақтаңдар», - деген Елбасымыздың сөзін ұмытпайық, сенімін ақтайық, келер ұрпақ!
Ә.С. Утебекова
«Жас тілші» үйірмесінің жетекшісі


Вернуться назад

Аудан жаңалықтары

Аймақ жаңалықтары

Мемлекеттік бағдарламалар

Сұрау

Валюта бағамдары

Ауа-райы

Ақпараттық порталды қалай бағалайсыз? ОТВЕТИТЬ
Доллар 335.33
Евро 395.49
Рубль 5.70
В Нуринске сейчас: -10°C ашық
  • Дымқылдылық: 65%
  • Қысым: 729
  • Жел: 3 м/с

© 2007-2012 Информационный портал аппарата акима Нуринского района
© 2012 Разработка и поддержка: Интернет-компания «Creatida»