Осы жылы Баршын жалпы орта мектебінің оқушылары өздерінің жақсы жетістіктерімен көзге түсіп

Осы жылы Баршын жалпы орта мектебінің оқушылары өздерінің жақсы жетістіктерімен көзге түсіп, ұстаздардың сенімдерін ақтап, қуантуда. Соның бірі – ағылшын тілінен «КИО» Республикалық қашықтық олимпиадасы.

Осы жылы Баршын жалпы орта мектебінің оқушылары өздерінің жақсы жетістіктерімен көзге түсіп, ұстаздардың сенімдерін ақтап, қуантуда. Соның бірі – ағылшын тілінен «КИО» Республикалық қашықтық олимпиадасы. Өзінің білімділігін оқушыларға сіңіре білген Касенова Гүлдана Серікқызы 7 -сынып оқушыларына сенім артқан еді, сенімі ақталды. Облыс, аудан бойынша I орынды иеленген Алдажар Іңкәр I дәрежелі дипломмен марапатталса, аудан бойынша Ибрагим Гүлнар II орынды, Айнарбаев Ерсұлтан III орынға ие болды. Ашубасар Назерке қатысқаны үшін сертификат алды. Бұл ағылшын мұғалімінің жетістігі мен мақтанышы және мұғалімдер қауымын да қуантарлық жағдай болды.
18 қарашада « Нұра » стадионында ең бірінші рет 1 желтоқсан Президент күніне байланысты жасөспірімдер арасында бокстан жарыс өтті. Жарысқа Кертінді, Изенді, Нұра ауданы, Баршын ауылының жас боксшылары жаттықтырушыларымен қатысты.Соның ішінде Баршын ауылының туын көкке көтеріп, өздерінің қайраттылығының арқасында елді тағы қуантқан жаттықтырушы Идрисов Ерлан Қыдырбайұлы өзінің жас боксшыларымен елге құрметпен оралды. Намысты қолдан бермеуге барған мақтаныштарымыз: 10 - сынып оқушысы Рахымбек Айсұлтан; 9 - сынып оқушысы Боқан Ақжан; 8 – сынып оқушысы Қамзе Көбетей; 6 – сынып оқушысы Жүкен Ерсұлтан және ең кіші боксшымыз 5 – сынып оқушысы Боқан Алдияр сынды оқушыларымыз барған еді. Жаттықтырушысы Идрисов Ерлан Қыдырбайұлының қолдауымен басқа қалаларға да барып, жеңіспен оралатын бұл боксшылар үшін Нұра ауданындағы жарсыта « сәттілік » әкелді. Күнделікті дайындықта өздерін көрсете білген, жаттықтырушының сенімін ақтай білген « мектеп мақтаныштары »Баршын мектебін тағы да биікке көтерді.Рахымбек Айсұлтан, Боқан Ақжан, Боқан Алдияр I орынды иеленсе, Жүкен Ерсұлтан II орын, Қамзе Көбетей III орынға қанағат етті. Осындай жарыстарға өзінің жас боксшыларын баптап, дайындап, сенім артқан жаттықтырушы Идрисов Ерлан Қыдырбайұлына ата – аналар да, Баршын тұрғындары да шексіз риза.
Алдағы уақыттар да мектебімізде мақтан тұтар оқушыларымыз көп болады деген сенімдемін. Сенім ақталған – қуаныш екен!
Ә.С. Утебекова
«Жас тілші» үйірмесінің
жетекшісі


Вернуться назад

Аудан жаңалықтары

Аймақ жаңалықтары

Мемлекеттік бағдарламалар

Сұрау

Валюта бағамдары

Ауа-райы

Ақпараттық порталды қалай бағалайсыз? ОТВЕТИТЬ
Доллар 335.33
Евро 395.49
Рубль 5.70
В Нуринске сейчас: -10°C ашық
  • Дымқылдылық: 65%
  • Қысым: 729
  • Жел: 3 м/с

© 2007-2012 Информационный портал аппарата акима Нуринского района
© 2012 Разработка и поддержка: Интернет-компания «Creatida»