Рухани жаңғыру - адами құндылықтың айғағы

Адами құндылықтың айғағы іспеттес ауданымызда атқарылып жатқан шаруаның арасында бұрын-соңды өз басым кездестірмеген бір жаңалықтың куәсі болдым.

Адами құндылықтың айғағы іспеттес ауданымызда атқарылып жатқан шаруаның арасында бұрын-соңды өз басым кездестірмеген бір жаңалықтың куәсі болдым. Ол - аудан орталығында 2009 жылдан бері еңбек етіп келе жатқан Азиялық Несие Қоры филиалынан қазан айының соңғы күндерінде «Жасыл экономика» атты бағдарлама аясында аудандық «Мерей» Қоғамдық Қорының қатысуымен акция өткізуге тілек білдірген болатын. Екіжақты келісім-шарт бойынша «Мерей» Қоғамдық Қорының есеп-шотына 140 мың көлемінде қаржы аударылған болатын. Іс-шара барысында Азиялық Несие Қорының аналитик мамандары Ю.И. Пасюк, Ә.Қ. Қонақбаевалардың қатысуларымен, кент әкімі мен аудандық мәдениет бөлімі және «Мерей» ҚҚ өкілдерінің ұйымдастыруымен аудан орталығындағы «Тәуелсіздік» және Жауынгерлер-Интернационалистер атындағы саябақтар қоқыстан тазартылып, «Бақыт бастауы» аллеясы мен би алаңына сылау, сырлау, әктеу жұмыстары жүргізілді. Балаларға арналған ойын алаңдарындағы әткеншектер мен сырғанақтар, демалу орындары мен орындықтар жаңартылып, түрлі-түсті бояулармен сырланды. Темірден жасалған қажет заттар электродтар көмегімен дәнекерленді. Осындай бастаманың түкпірінде Азиялық Несие Қоры ұжымының елге, жерге деген жанашырлығы мен сүйіспеншілігі жатқанына шек келтірмейсің. Рухани жаңғырудың ел шетіне келгенінің бірден-бір көрінісі осы ғой, әрине.
З.Сәтенова
«Әйелдерді, балаларды және жасөспірімдерді қолдау «Мерей» Қоғамдық Қорының директоры


Вернуться назад

Аудан жаңалықтары

Аймақ жаңалықтары

Мемлекеттік бағдарламалар

Сұрау

Валюта бағамдары

Ауа-райы

Ақпараттық порталды қалай бағалайсыз? ОТВЕТИТЬ
Доллар 335.33
Евро 395.49
Рубль 5.70
В Нуринске сейчас: -10°C ашық
  • Дымқылдылық: 65%
  • Қысым: 729
  • Жел: 3 м/с

© 2007-2012 Информационный портал аппарата акима Нуринского района
© 2012 Разработка и поддержка: Интернет-компания «Creatida»