Достықтың туын желбірет

Тәуелсіз елдің тірегі - білімді ұрпақ. Қазіргі таңда білімдінің алға түсіп, бәйгеден озатын заманы туды.

Тәуелсіз елдің тірегі - білімді ұрпақ. Қазіргі таңда білімдінің алға түсіп, бәйгеден озатын заманы туды. Сол білімділерді дайындайтын - ұстаз. Осындай шығармашылықпен айналысатын ұстаздардың бірі - «Тірек мектеп (РО) Щербаков» КММ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Хамзина Ж.Қ және 8-сынып оқушысы Хамзина А., 9-сынып оқушысы Тулеубаева А. Өзбекстан астанасы – Ташкент қаласында бүкіл әлемдік түркі ақын-жазушылары бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен 2017 жылдың қыркүйек айының 17-сі күні «Достықтың туын желбірет» атты мектеп оқушыларының шығармашылық байқауына қатысып қайтты. Бұл байқауға Өзбекстан, Қырғыстан, Татарстан, Башқұрстан, Әзірбайжан, Түркия сияқты елдермен қатар Қазақстанның 1-11-сынып оқушылары қатысты. Бұл сайыста біздің мектебіміздің оқушылары жүлделі орындарға ие болып, ұстаздары Хамзина Ж.Қ алғыс хатпен марапатталды. Қазақстан бойынша бұл шараны ұйымдастырған «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы Саят Қамшыгерұлына алғысымыз шексіз дейді қатысқан оқушылар. Жүлдегерлерді марапаттау рәсімі Алматы қаласында танымал ақын-жазушылар мен белгілі журналистер қатысуымен өтті. Марапаттау рәсімі екі кезеңнен тұрды. Бірінші марапаттау рәсімі - Чехов кітапханасында өткізілсе, екінші кезең - Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов сынды атақты жазушылардың мұражайына баруымен жалғасты, - дейді өз әсерлерімен бөліскен Айзат пен Ақбота. Біз мұражайда жазушылардың өз қолдарымен ұстаған дүниелерін көрдік. Мұражай жазушылардың өздері тұрған үйінде жасалған, яғни, ағаларымыздың тұрған үйлерін, киген киімдерін мұражайға сыйға тартқан керемет дүниелерді, портрет, картиналардың өзі көздің жауын алады. Керемет әсер алдық және осындай шараларға қатысуға жас достарымызды шақырамыз. Осындай шараға бізді қатыстырып, бізге сенім артқан апайымзға алғысымыз шексіз, - дейді қыздарымыз.
Алдағы уақыттарда да мектебімізде мақтан тұтар оқушыларымыз көп болса екен деп тілеймін.
Абсатова Д.А
«Тірек мектеп (РО)»
Щербаков ЖОББМ» КММ


Вернуться назад

Аудан жаңалықтары

Аймақ жаңалықтары

Мемлекеттік бағдарламалар

Сұрау

Валюта бағамдары

Ауа-райы

Ақпараттық порталды қалай бағалайсыз? ОТВЕТИТЬ
Доллар 335.33
Евро 395.49
Рубль 5.70
В Нуринске сейчас: -10°C ашық
  • Дымқылдылық: 65%
  • Қысым: 729
  • Жел: 3 м/с

© 2007-2012 Информационный портал аппарата акима Нуринского района
© 2012 Разработка и поддержка: Интернет-компания «Creatida»