Ата-аналармен өткен тренинг

Баршын жалпы орта білім беретін мектебінде оқу жылы басталғаннан бері қарбалас, небір қызыққа толы іс- шаралар өтуде.

Баршын жалпы орта білім беретін мектебінде оқу жылы басталғаннан бері қарбалас, небір қызыққа толы іс- шаралар өтуде. Соның бірі - бүгінгі әңгімемізге тиек болғалы отырған 4- сыныпта өткен ата-аналар арасындағы тренинг сабақ. Тренингтің тақырыбы - «Бала тәрбиесіндегі ата- ананың жауапкершілігі». Бұл өзекті мәселе туралы іс- шараны мектебіміздің ұлағатты ұстазы Ерманова Гульнафис Сагингалиевна өткізді.
Тренингтің негізгі мақсаты ата -аналарды балаларға жауапкершілікпен қарауға, алдағы уақытта оқушыларды тәрбиелеуде мұғалім мен ата- ананың бірігіп жұмыс жасауын дамыту болатын.Безендірілген сынып, «апайымыз бізге тағы қандай қызық дайындады екен» деп, жүрек лүпілімен жиналған аналар алма ағашындағы қызыл, жасыл алмаларды таңдау арқылы топқа бөлінді.
Тренинг Г.Сагингалиевнаның: « Адамның өзге тіршілік иесінен айырмашылығы - дүниеге перзент әкелген соң, оның болашағын ойлау, адам етіп тәрбиелеу. Бала тәрбиесі- бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның абыройлы міндеті. Барлық өнеге жанұядан тарайды. Халық жанұядағы тәрбиеге ерекше көңіл бөлген. Оны «Таяқтау оңай, тәрбиелеу қиын», «Балақан өсіру - балапан ұшыру емес» деген мақал-мәтелдерден көруге болады» деген сөзімен басталды.
Тренинг бірнеше бөлімдерден тұрды. Олардың ішінде бала тәрбиесіне байланысты сұрақ- жауап, балалардың пікірін талқылау, жазалау әдістерінің пайдасы мен кері әсері туралы пікірлер ортаға салынды. «Көрініс» бөлімінде 4-сынып оқушылары Даяна, Денис, Ақылжан, Аяулымдардың дайындаған көрінісі бойынша аналар өз ойларын айтып, тура осындай жағдайлар өздерінде де болатынын айтып, күлісіп алды. Осындай ерекше көңіл-күймен ата-аналар алдарындағы алмаларына бүгінгі өткен іс-шараға тілектерін, ризашылықтарын жазып, алма ағашына іліп жатты.
«Егер балаңызды жақсы жағынан көргіңіз келсе, оны әрқашан мақтан тұтқыңыз келсе, мен сіздерге кеңес сыйлайын» деп Гульнафис Сагингалиевна қағазға жазылған кеңестерді аналарға табыс етті.
Тренинг әр ата-ананың жүрегіне жол тауып, барлығы басылмаған ыстық лебіздері мен ой-пікірлерін талқылай отырып, өз балаларының оқытушысына дән риза болып, алғыстарын қарша жаудырды.
Иә, жас ұрпақ тәрбиесі - адамзаттың мәңгілік тақырыбы. Ұлттың бүгіні де, болашағы да тәрбиелі ұрпаққа байланысты. Осы тәрбиелі ұрпақты бағып- қағу - ата-ананың қолында. Ата-ана өз баласын мейлінше түсіну үшін, қадіріне жету үшін, дұрыс бағыт- бағдар беру үшін осындай іс- шаралар жиі өткізіліп тұрса, Қазақстанның болашағы жарқын болар еді.
Ә.С. Утебекова
Баршын ЖОББ мектебінің мұғалімі


Вернуться назад

Аудан жаңалықтары

Аймақ жаңалықтары

Мемлекеттік бағдарламалар

Сұрау

Валюта бағамдары

Ауа-райы

Ақпараттық порталды қалай бағалайсыз? ОТВЕТИТЬ
Доллар 335.33
Евро 395.49
Рубль 5.70
В Нуринске сейчас: -10°C ашық
  • Дымқылдылық: 65%
  • Қысым: 729
  • Жел: 3 м/с

© 2007-2012 Информационный портал аппарата акима Нуринского района
© 2012 Разработка и поддержка: Интернет-компания «Creatida»