Шешеннің тілі ортақ

Қарағанды облысы білім басқармасы «Сарыарқа дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығының жылдық жоспарына сәйкес, аудандық білім беру бөлімі мен Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен қараша айының басында Нұра ауданының 4 аймақтық мекенінде мектеп оқушылары арасында пікірталас ойындары өткізілді.

Қарағанды облысы білім басқармасы «Сарыарқа дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығының жылдық жоспарына сәйкес, аудандық білім беру бөлімі мен Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен қараша айының басында Нұра ауданының 4 аймақтық мекенінде мектеп оқушылары арасында пікірталас ойындары өткізілді. Бұл кезеңге 22 мектеп оқушыларының топтары қатысты. Аймақтық пікірталас сайысында «Қазақстанда фастфуд өнімдерін 16 жасқа дейін қолдануға шектеу қою керек» тақырыбы талқыланды. Ойын барысында фастфудтың адам ағзасына пайдасы мен зиянды жақтары талқыға түсіп, әркім өз пікірін ақтап шығуға тырысты. Ойларын ортаға салған шешендер арасынан үздіктерді анықтау әділ қазылар алқасына оңайға түспеді. Аймақтық кезеңде оза шапқан шешендер іріктеліп, аудандық кезеңге жеті топ жолдама алды.
Аймақтық кезеңңің жеңімпаздары Киевка №2 ЖОББ қазақ мектебінде бас қосып, аудандық кезеңде пікірсайысын өткізді. Бұл кезеңнің ерекшелігі талқылауға екі тақырып берілді: «Қазақстанда 12 жастан бастап жасөспірімдерге жұмыс істеуге рұқсат беру керек», «Мемлекет саған көмек беруге міндетті емес». Жан-жақты дайындалған ұшқыр ойлы шешендер қарсыластарының пікірлерін тыңдап қана қоймай, нақты дәлелдерімен ойларын айқындап аңдысып-ақ бақты. Тартыс өте тартымды өтті. Пікірталас барысында әрбір топ өзінің пікірімен бөлісіп, берілген тапсырманы міндетпен орындап, жауапкершілік танытуға тырысты. Тақырып өзектілігі жан-жақты талқыға түсіп, шешу проблемалары айқындалып, нәтижелер шығарылды. Пікірталас сайысының аудандық кезеңінің «Үздік спикер» номинациясы бойынша М.Сүлейменов атындағы ЖОББМ оқушысы Базылова Назым мен Киевка № 1 ЖОББМ оқушысы Белякова Алина марапатталды. Нұра ЖОББМ, М.Сүлейменов атындағы ЖОББМ және Заречный ЖОББМ шешендері 3 орындарға табан тіреді. Индустриальный ЖОББМ мен Киевка № 2 ЖОББ қазақ мектептері екінші орын иеленсе, 1 орынға ие болған А.Асылбеков атындағы ЖОББМ және Киевка № 1 ЖОББ мектебінің шешендері жеңімпаз атанды. Осы екі команда мүшелері ойын тәртібі бойынша пікірталас сайысының облыстық кезеңіне жолдаманы жеңіп алды. Шешеннің тілі ортақ екендігін дәлелдеп шыққан екі команда мүшелеріне облыстық кезеңде де сәттілік тілейміз!
Б.Т. Ашетова
Білім бөлімінің әдіскері


Вернуться назад

Аудан жаңалықтары

Аймақ жаңалықтары

Мемлекеттік бағдарламалар

Сұрау

Валюта бағамдары

Ауа-райы

Ақпараттық порталды қалай бағалайсыз? ОТВЕТИТЬ
Доллар 335.33
Евро 395.49
Рубль 5.70
В Нуринске сейчас: -10°C ашық
  • Дымқылдылық: 65%
  • Қысым: 729
  • Жел: 3 м/с

© 2007-2012 Информационный портал аппарата акима Нуринского района
© 2012 Разработка и поддержка: Интернет-компания «Creatida»