Еңбектенген жан далада қалмайды

- Мектепте жоғары сыныптарда еңбек сабағында осы техниканың тіліне үйретіп, ауыл шаруашылығы саласына қарай баулыған-ау бізді.

- Мектепте жоғары сыныптарда еңбек сабағында осы техниканың тіліне үйретіп, ауыл шаруашылығы саласына қарай баулыған-ау бізді. «Еңбектенген жан далада қалмас» деп әкем жиі айтатын еді. Сол мектеп қабырғасынан техникаға жақын болдым. Мектепті аяқтаған соң, ол кезде әскер қатарына қабылдану әр бозбала үшін үлкен абырой болатын. Мен де қатарымнан қалмай, әскердің өзіме тансық бар құпиясымен танысып келдім,- дейді «Қайнар» серіктестігінің механизаторы Темірхан Кадирсизов.
Мектеп қабырғасынан оянған қызығушылық жетелеп, жиырмадан енді асқан жасты сол кездегі Черниговка, қазіргі Көбетей ауылының арнайы кәсіптік-техникалық училищесіне әкеледі. Бұл жерде «Газ-700» тракторының бүге-шігесіне дейін жетік меңгеріп, алып трактордың маманы болып шығады. Содан күні бүгінге дейін осы темір тұлпармен еңбек даласында.
- Отыз жылға таяу осы саладамын. Қазіргі «Газ-700» тракторым су жаңа, зауыттан алған қалпы өзіме берген. Көктемгі егістік науқанында канадалық трактормен егін егеміз. Күніне 100 гектар себеміз онымен. Бар жағдайы жасалған қазіргі техниканың бәрі ақылды. Бұрынғыдай емес, жұмыс ауыл шаруашылығы саласында әлдеқайда жеңілдеген. Осы техникалардың жаңаруының нәтижесінде. Музыканы қосып, әндетіп жүріп себеміз, қазіргі кезде егінді. Жаз мезгілінде парға қалған жерді жыртып, өңдейміз. Одан кейін шөп шабу науқаны келеді. Онда да тынымсыз еңбектің үстінде жүреміз. Күзбен қатар келетін егін ору сәті - мүлдем бөлек әңгіме. Егін алқабының сәніне көзіміз тоймайды. Сол алқапқа қарап тұрып-ақ көңілің көтеріліп сала береді. Мен астықты алқаптан қырманға тасимын. Осылай бір мезгілден, келесі мезгілге дейін жұмысымыз жалғаса береді. Қыс мезгілінде серіктестіктің мал шаруашылығында жұмыс қызады. Мал сол мезгілде қолға қарайды,- деді маңдайдан шып-шып білінген терін білегімен сүртіп барып:
- Үйдің үлкені - Ұлпан,- деп, әке көңілі отбасына ауысты:
– Астана қаласында тұрмыста. Негізі елорданың Қазақ аграрлық университетінің түлегі. Үйдің кенжесі Ерлан - медициналық колледждің ІІІ курс студенті. Үйде ұлым Жандос пен Елдар үшеуміз. Жандос өзіммен бірге серіктестікте, ал Елдар спорт саласының маманы. Ауылдың Спорт кешенінде жастарды қазақ күресіне баулиды және мектепте дене шынықтыру пәнінен дәріс береді,- деп біраз үнсіз қалды. Үнсіздікті менің «отанасы кім болып жұмыс істдейді?» деген сұрағым бұзды. Өзекті өртеген өкініш кейіпкерімді ойға шомдырған екен.
«...баршамыздың жағдайымызды жасап отырған ошағымыздың иесі де, киесі балаларымның анасы Жамиля 50-ге толған шағында, өткен қыста көз жұмды», - деп тағы да ойға шомды. Үнсіздікті мен де бұза алмадым. Бір кем дүние... «Қанаты бүтін сұңқар жоқ, тұяғы бүтін тұлпар жоқ» деп осындайда айтылса керек.
Темекең «Қайнар» серіктестігінің жыл он екі ай үздіксіз ауысып келетін барлық жұмыстарында белсенділік танытып, уақытпен санаспастан еңбек атқаруда. Еңбекпен жетілген нағыз еңбек адамы. «Ер еңбегімен еңселі» деген сөз бар халықта. Темірхан Шыңғысұлы - сондай еңбегі еленген еңселі ер. Төккен тер мен еткен еңбек бағасын тауып, аудан әкімінің, облыс әкімінің Құрмет грамотасымен мадақталған, «Ерен еңбегі үшін» медалін кеудесіне таққан.
Т.Пішенбаева


Вернуться назад

Аудан жаңалықтары

Аймақ жаңалықтары

Мемлекеттік бағдарламалар

Сұрау

Валюта бағамдары

Ауа-райы

Ақпараттық порталды қалай бағалайсыз? ОТВЕТИТЬ
Доллар 335.33
Евро 395.49
Рубль 5.70
В Нуринске сейчас: -10°C ашық
  • Дымқылдылық: 65%
  • Қысым: 729
  • Жел: 3 м/с

© 2007-2012 Информационный портал аппарата акима Нуринского района
© 2012 Разработка и поддержка: Интернет-компания «Creatida»