Дәстүрлі турнир дүбірі

4 қараша күні Шахтер ауылының «Шахтер» спорттық сауықтыру кешенінде дәстүрлі қазақ күресінен, самбодан спорт шебері, КСРО мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің еңбек сіңірген қызметкері Шахан Төлеубековті еске алу турнирі өтті.

4 қараша күні Шахтер ауылының «Шахтер» спорттық сауықтыру кешенінде дәстүрлі қазақ күресінен, самбодан спорт шебері, КСРО мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің еңбек сіңірген қызметкері Шахан Төлеубековті еске алу турнирі өтті.
Турнирге қоғам қайраткері, Қарағанды облысының, Нұра ауданының Құрметті азаматы Оралбай Әбдікәрімов, Шахан Төлеубековтің қызы Сәуле Шаханқызы, Нұра ауданының Құрметті азаматы Дауылбай Құсайынов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мейрамбеков Зейнулла, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Батырбаев Маханбет, Қазақстан Республикасының қоғам қайраткері Тұңғатаров Жақсылық, Қазақстанның мемлекеттік қоғам қайраткері Ә.Жолшыбек, «Шахтер» серіктестігінің директоры Г.Прокоп қатысты.
Облыстық деңгейдегі бұл турнир осымен үшінші жыл қатарынан өткізілуде. Ағымдағы жылғы турнир демеушісі Оралбай Әбдікәрімов ағамыздың әулеті. Туған жер топырағында, ауыл балалары арасында өткізіліп отырған қазақ күресі турнирінің берері мол. Бұл жолғы сайыс 2002-2004, 2005-2007 жылғы дүниеге келген оқушылар арасында өтті. Облыстың түкпір-түкпірінен 12 команданы құраған 70 спортшы боз кілемде бақ сынасты.
Төрешілер алқасын Балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушы-ұстаздары: С.Есенов, М.Искиндиров, Н.Бижкенов, Б.Романкулов, Е.Смаилов, А.Смагулов құрады.
- Жастар - сендер еліміздің болашағысыңдар. Үлкен-үлкен спорт шеберлері күні кеше ғана сендер секілді осындай аудандық, облыстық деңгейдегі спорттық шараларға қатысып, топ жарғандар қатарынан көрінгендер. Сендердің да осы өздерің қалаған қазақ күресі спортынан жолдарың ашылып, болашақта үлкен спортты бағындырғандарыңды көретін болайық. Бүгін жеңілгендер болмайды. Бәрің де жеңіске лайықсыңдар,- деп жас спортшыларды қанаттандыра түсті құттықтау сөзінде қоғам қайраткері Оралбай Әбдікәрімов.
Сонымен қатар жарыс алдында Нұра ауданы әкімінің орынбасары Мұратбек Тұраров, Шахан Төлеубековтің қызы Сәуле Шаханқызы жас спортшыларға сәттілік тілеп, турнирдің ашылу салтанатымен құттықтады.
Екі топқа бөлінген жас спортшылар арасында төрт-төрт салмақтан жалпы саны 8 салмақ бойынша ойын тартысты өтті. Боз кілемге аяғы тиген жас палуандар жауырынын кілемге тигізбей, жеңіске жету жолында тәлімгерінен үйренген бар айла-тәсілін қолданумен болды. Жеңіске деген құштарлық осындай-ақ болсын деп, жанкүйерлер «Бәрекелдіге» басса, жас палуандар қанаттана түскендей, күш сынасты. «Бақ шаба ма, бап шаба ма» деп тегін айтылмаса керек. Бабы мен бағы тең түскен жас палуандар жеңіс тұғырынан көрінді. Арнайы дайындалған сый-сияпатты иеленді. Келер жылдың еншісінде тұрған дәстүрлі турнирде кездескенше деп қош айтысты.
Т.Пішенбаева


Вернуться назад

Аудан жаңалықтары

Аймақ жаңалықтары

Мемлекеттік бағдарламалар

Сұрау

Валюта бағамдары

Ауа-райы

Ақпараттық порталды қалай бағалайсыз? ОТВЕТИТЬ
Доллар 330.00
Евро 390.72
Рубль 5.65
В Нуринске сейчас: 2°C ашық
  • Дымқылдылық: 36%
  • Қысым: 719
  • Жел: 2 м/с

© 2007-2012 Информационный портал аппарата акима Нуринского района
© 2012 Разработка и поддержка: Интернет-компания «Creatida»