КЕЗЕКТЕН ТЫС СЕССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

9 қараша күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында Нұра аудандық мәслихатының кезектен тыс ХVІ сессиясы өтті.

9 қараша күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында Нұра аудандық мәслихатының кезектен тыс ХVІ сессиясы өтті.
Сессия жүмысына Нұра ауданының әкімі Ниқанбай Омарханов, бөлім басшылары, ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Күн тәртібне сай сессияда алты сұрақ қаралды. Алғашқысы «Шығып қалған депутат орнына депутат сайлаудың қорытындысы туралы Нұра аудандық аумақты комиссиясының ақпараты туралы» Нұра аудандық аймақтық комиссияның төрағасы Сайран Сағымбеков мағлұмат берді.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33-бабы 3-1 тармағына, Қарағанды облыстық мәслихатының 2012 жылғы 28 маусымдағы VІ сессиясының №62 шешімімен бекітілген «Облыстың (қаланың, ауданның) Құрметті азаматы» атағын беру ережесі, Нұра ауданы әкімдігі жанындағы наградалар жөніндегі комиссиясының 2017 жылғы 1 қарашадағы отырыс шешімінің хаттамасына сәйкес, аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясының отырысында «Нұра ауданының Құрметті азаматы» атағын беру мемлекеттік қызметте еңбек еткен еңбек ардагері Қорабай Досжановтың, білім беру саласының майталманы, ардагері, Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген ұстазы, Қазақ ССР оқу министрлігінің аға мұғалімі Нұрғайша Жағанқызы Усабаеваның, еңбек ардагері, ҚР оқу ісінің озық қызметкері Балғабек Нұрғалиевтің кандидатуралары қаралып, халық қалаулылары бір ауыздан қолдады.
Сонымен қатар сессия барысында аудандық мәслихаттың «Нұр Отан» депутаттық фракциясының құрамына өзгеріс енгізу, аудандық мәслихаттың бюджет, қаржы, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту туралы комиссиясының құрамына өзгеріс енгізу, Нұра ауданы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану, қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге жәрдемдескен, қоғамдық тәртіпті қорғауға қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелері жөніндегі аудандық комиссиясының құрамын бекіту туралы шешімдері қаралды.
Т.Пішенбаева


Вернуться назад

Аудан жаңалықтары

Аймақ жаңалықтары

Мемлекеттік бағдарламалар

Сұрау

Валюта бағамдары

Ауа-райы

Ақпараттық порталды қалай бағалайсыз? ОТВЕТИТЬ
Доллар 330.00
Евро 390.72
Рубль 5.65
В Нуринске сейчас: 2°C ашық
  • Дымқылдылық: 36%
  • Қысым: 719
  • Жел: 2 м/с

© 2007-2012 Информационный портал аппарата акима Нуринского района
© 2012 Разработка и поддержка: Интернет-компания «Creatida»