ПАРАСЫЗ болашақ

Қараша айының 8 жұлдызында «Парасыз болашаққа. Бірге!» атты мобильдік топ мүшелері Жараспай, Құланөтпес ауылдарында болып, халықпен кездесті. Жемқорлықтың алдын алу және болдырмау шаралары бойынша кездесу өткізіп, жеке қабылдау жүргізді.

Қараша айының 8 жұлдызында «Парасыз болашаққа. Бірге!» атты мобильдік топ мүшелері Жараспай, Құланөтпес ауылдарында болып, халықпен кездесті. Жемқорлықтың алдын алу және болдырмау шаралары бойынша кездесу өткізіп, жеке қабылдау жүргізді.
Аудан әкімінің орынбасары Мұратбек Дәлелханұлы басқарған аудандық мобильдік топ мүшелерімен қатар Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы Бурханов Олжас Айдарұлы да болды.
- Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан халқына арналған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауының 5-ші және Бес институциялық реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадам Ұлт жоспарының 13 қадамын орындау мақсатында «Парасыз болашаққа. Бірге!» ұранымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шарттары мақсатында аудан әкімі Ниқанбай Омархановтың 2017 жылғы 29 қыркүйегінде №86 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін көтеру және құқық бұзушылықтың барлық нысандарына «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру мақсатында «Парасыз болашаққа. Бірге!» мобильдік тобын құру туралы» өкім қабылданған. Бүгін аталмыш топ мүшелері Нұра аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалының төрағасы Алшынбаев Данияр, аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы Нұрлан Тұрманов, Нұра ауданы қоғамдық кеңесінің кеңес хатшысы Ермек Шорабеков, Нұра ауданының ауыл шаруашылық және мемлекеттік мекемелер кәсіподағының төрағасы Сейілхан Құрманов, Нұра ауданы кәсіпкерлер палатасының директоры Данияр Мақсұтов, аудан әкімі аппаратынан: мемлекеттік құқықтың жұмыс бөлімінің басшысы Олжас Даутов және осы бөлімнің бас маманы Қозы Байталяков, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын қадағалау жөніндегі бас маман Асылбек Мұсабаев, білім бөлімінің заңгері Серік Ахметов қатысып отыр,- деп топ мүшелерімен таныстырып, жиынды ашқан аудан әкімінің орынбасары Мұратбек Тұраров жиналған қауым алдында сыбайлас жемқорлық фактілері расталған жағдайда әкеліп соғатын өкінішті тұстарына кеңінен тоқталып өтті.
- Бүгінгі қоғамда әрқайсымыз өзіміздің өмір сүру деңгейімізді арттыру үшін бүгінгі күннен бастап жемқорлықпен күресуіміз керек. Бұл біздің қоғамның болашақта білімді ұстаз, білікті дәрігер, не болмаса кез келген мекемеде нағыз өз ісінің маманы отыруының кепілі болмақ. Еліміз егемендік алғаннан бері 10931 адам сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін жауапқа тартылған. Сыбайлас жемқорлық үшін жауаптылық тек қана әкімшілік түрде, болмаса қылмыстық кодекспен ғана қарастырылған. Бұл тарапта қарастырылған төрт түрлі жазаның алғашқысы мемлекеттік қызметке орналасуға мәңгілік тыйым салынады. Екіншіден, ол адамға тиесілі мал-мүлік тәркіленеді. Үшіншіден, пара алу, пара беру, параға делдал болу баптары бойынша айыппұл қарастырылған. Бұл айыппұл мөлшері өте үлкен. Мысалы, 50 мың теңге пара үшін параны алған қызметкер 2,5 млн.-нан 4 млн. теңгеге дейін, параны берген адам 1 млн.-2 млн. теңгеге дейін, параға делдал болған адам 500 мыңнан 1,5 млн. теңгеге дейін айыппұл төлейді. Егерде осы айыппұлды төлей алмаған жағдайда, сонымен қатар істің ауырлығына байланысты бас бостандығынан айыру болып табылады, - деп ойымен ашық бөліскен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы Бурханов Олжас мемлекеттік қызмет пен азаматтар арасындағы қарым-қатынастың басты формасы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге де тоқталды. Бұл бағыттың басым бөлігін түрлі анықтамаларды алу болып табылады. Тек осы салада реестр бойынша қызметтің 730 түрі көрсетіледі екен. Егерде осы қызмет саласы бойынша қатардағы қарапайым азамат қандай да бір қиындыққа ұшырайтын болса, Қазақстан мемлекеті бойынша CALL CENTR 1424 тегін қоңырау болады. Бұл жерде де шағым расталған жағдайда мемлекеттік қызметте отырған қызметкерге 50 айлық көрсеткіштен 100 айлық көрсеткішке дейін мемлекеттік қызметте көрсетілген заңнаманы бұзғаны үшін айыппұл салынады. Екінші дүние әдеп нормаларын бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілік, яғни, сөгіс, қатаң сөгіс, қызметіне сәйкес келмеу туралы ескерту, лауазымынан төмендету және ең ақыр аяғы жұмыстан босатылуына дейін алып келуі мүмкін.
Біздің болашағымыз - өз қолымызда. Бүгінгі кездесулер осыны аңғартты. Ауыл тұрғындары мен жастары ойларын ашық жеткізіп, мобильдік топтың басты мақсатын жете түсініп, ойларын ортаға салды. Екі ауылда да жиынды қорытындылай келе, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – бұл мемлекеттің ғана емес, бүкіл қоғамның мақсаты екенін, сыбайлас жемқорлықты жою – Тәуелсіздігіміздің, халқымыздың және мемлекеттің іргелі құндылықтарын нығайтудың басты шарты екеніне тағы бір мәрте көз жеткізіп тарқасты.
Т.Пішенбаева


Вернуться назад

Аудан жаңалықтары

Аймақ жаңалықтары

Мемлекеттік бағдарламалар

Сұрау

Валюта бағамдары

Ауа-райы

Ақпараттық порталды қалай бағалайсыз? ОТВЕТИТЬ
Доллар 330.00
Евро 390.72
Рубль 5.65
В Нуринске сейчас: 2°C ашық
  • Дымқылдылық: 36%
  • Қысым: 719
  • Жел: 2 м/с

© 2007-2012 Информационный портал аппарата акима Нуринского района
© 2012 Разработка и поддержка: Интернет-компания «Creatida»