Қыс маусымына дайындық зерделенді

Кеше, 10 қараша күні, аудан орталығында аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою комиссиясы төрағасының орынбасары, аудан әкімінің орынбасары Мешітбай Жұманов бастаған комиссия мүшелері аудандық азаматтық қорғау қызметтері мен құрылымдарының қыс маусымына дайындығын зерделеді.

«Қыс-2017» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы жұмыстары аясында жүргізілген бұл жұмыста негізгі басымдылық - төтенше жағдайды болдырмау және оның алдын алу шараларына дайындықты төмендетпей, қытымыр климаттық жағдайларда да өз деңгейінде өткізу.
Тексеріс барысында аудан аумағындағы жол қызметкерлерінің қар тазалау техникаларының жай-күйі, азық-түлікпен қамтамасыз ету мекемесінің жұмысы пысықталып, сондай-ақ өрт сөндіру, медицина, байланыс саласы, жол полициясының жылдың суық мезгілінде техниканы пайдалану ерекшелігі мен тәртібі зерделенді.
Барлығы 20-ға жуық техника қамтылып, жауапты мекеме қызметкерлері дайындықтың өз деңгейінде екенін аңғартты.
Шара соңында аудан әкімінің орынбасары М.Жұманов жауапты мекеме басшыларына тиісті тапсырмалар берді.
Т.Пішенбаева

Вернуться назад

Аудан жаңалықтары

Аймақ жаңалықтары

Мемлекеттік бағдарламалар

Сұрау

Валюта бағамдары

Ауа-райы

Ақпараттық порталды қалай бағалайсыз? ОТВЕТИТЬ
Доллар 330.00
Евро 390.72
Рубль 5.65
В Нуринске сейчас: 2°C ашық
  • Дымқылдылық: 36%
  • Қысым: 719
  • Жел: 2 м/с

© 2007-2012 Информационный портал аппарата акима Нуринского района
© 2012 Разработка и поддержка: Интернет-компания «Creatida»