Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердi ұтымсыз пайдаланған немесе пайдаланбаған үшін жауапкершілік туралы

«Қарағанды облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» ММ – сі Қазақстан Республикасының Жер Кодексінде белгіленген құзырет шегінде жердiң пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады, соның ішінде пайдаланылмай жатқан не Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жерді анықтап, мемлекеттік меншікке қайтарады.

«Қарағанды облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» ММ – сі Қазақстан Республикасының Жер Кодексінде белгіленген құзырет шегінде жердiң пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады, соның ішінде пайдаланылмай жатқан не Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жерді анықтап, мемлекеттік меншікке қайтарады.
Қарағанды облысының әкімдігі мен прокуратурасы пайдаланылмай жатқан не Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жерді толық мәжбүрлеп алып қоюды қамтамасыз ету жөніндегі Жол картасын әзірледі.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердi ұтымсыз пайдалану немесе пайдаланбау, топырақ құнарлығының төмендеуі заң механизмі Жер кодексі мен Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын ережеленеді.
Жер Кодексінің 92 бабына сәйкес Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген жер учаскесін мақсаты бойынша пайдаланбау жағдайларына:
1) егістікте – жер учаскесін ауыл шаруашылығы дақылдарын егу үшін өңдеу жөніндегі жұмыстардың жүргізілмеуі;
2) шабындықтарда – екі жылдан астам жер учаскесінде шөп шабудың жүргізілмеуі, оны арамшөптердің, бұталардың, шіліктердің басып кетуі және шөп бітіктігі жұтаңдануының өзге де белгілерінің болуы;
3) жайылымдарда – екі жыл бойы жаю үшін ауыл шаруашылығы жануарларының болмауы не олардың саны агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган белгілеген жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасының жиырма пайызынан аз болуы және (немесе) жемшөп дайындау мақсатында шөп шабудың болмауы;
4) көпжылдық екпелерде – егісті күтіп өсіру, жинау жұмыстарының жүргізілмеуі және есептен шығарылған көпжылдық екпелердің тамырларының алынбауы жатады.
Қағидаларға сәйкес Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің ұтымды пайдаланылуын айқындау үшін ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерде келесі құжаттардың болуы қажет:
• ауыспалы егістер жоспары;
• ішкі шаруашылық жерге орналастыру жобалары;
• ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің паспорты;
• Өсімдік шаруашылығы мақсатына арналған ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер бойынша ауыл шаруашылығы тауарларын өндіруші алған ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігі туралы деректерді тиісті дақылдар бойынша аудандық орташа өнімділік көрсеткіштерімен салыстырады.
Аудандық орташа өнімділік дақылдар бөлінісінде, сондай-ақ ауыл шаруашылығы мақсатындағы суарылған және суарылмайтын жерлерге бөлумен есептеледі.
Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушінің тиісті дақылдың аудандық орташа көрсеткішінен кемінде сексен бес пайыз деңгейде ауыл шаруашылығы өнімін үш жыл қатарынан алуы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдаланбау көрсеткіші болып табылады.
Жайылымға оңтайлы жүктемені қамтамасыз ету мақсатында ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушіге тиесілі ауыл шаруашылығының мал басы туралы деректер пайдаланылады.
Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушіге тиесілі мал басының санын есептеу үшін ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру деректер қорынан тиісті жылдың 1 сәуіріндегі және 1 қазанындағы жағдайдағы деректер негізінде алынған мәліметтер негізінде есептелген орташа көрсеткіш қабылданады.
Егер ауыл шаруашылығы тауарларын өндіруші мал өсіру (күтіп ұстау) технологиясында қорада ұстау тәсілін пайдаланатын болса, есеп жүргізу кезінде қорада ұсталатын мал саны есептелмейді.
Ауыл шаруашылық тауар өндірушіде, № 3-3/332 бұрықпен бекітілген ауыл шаруашылық жануарлардың шекті рұқсат етілетін жайылымға жүктемесінен үш жыл қатарынан кемінде елу пайыз мал басының болуы, ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерді ұтымсыз пайдалану болып табылады.
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 92-бабы 4-тармағының 3) тармақшасына сәйкес агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган белгілеген, жайылымның жалпы алаңы жүктемесінің шекті рұқсат етілетін нормасынан ауыл шаруашылық мал басының асуы, ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерді ұтымсыз пайдалану болып табылады.
Ауыл шаруашылық тауар өндірушімен қосымша жер учаскесін алу (иелену), жайылымға жүктеменің қайта есептеуге негізі болып табылады.
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 338 бабына сәйкес ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердi ұтымсыз пайдалану немесе пайдаланбау
• жеке тұлғаларға – 10,
• шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 40,
• орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 70,
• iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне - 200 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға немесе ескерту жасауға әкеп соғады.
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР Кодексінің 386 бабының 5 тармағына сәйкес Жергілікті өкілді органдардың Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге осы Кодекстің жер салығының базалық мөлшерлемелерін жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстары негізінде он еседен асырмай жоғарылатуға құқығы бар.
Мысалы қазіргі заң бұзушылықтар 182,5 мың га алаңды ауыл шаруашылығы жерлерінде 85 ауылшаруашылық субъектілерге бекітілген анықталып, олар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, нұсқамалар берілді.
Жер салығының базалық мөлшерлемелері 45 ауыл шаруашық субъектілеріне бекітілген 29,6 мың га он еседен асырмай көтерілді. Түскен салық сомасы 2015 жылмен салыстырғанда (762,0 мың теңге) 2016 жылы 50 есе өсті және 38,5 млн теңгені жер көлемінде құрайды.
Ауыл шаруашылығы өндірісін, соның ішінде шаруа немесе фермер қожалығын жүргізуге арналған жер учаскесі пайдаланбау фактісі алғаш рет анықталған кезден бастап бесжылдық кезеңде жалпы алғанда екі жыл мақсатқа сай пайдаланылмаған жағдайларда, онда мұндай жер учаскесі Жер Кодексінің 94-бабында көзделген тәртіппен мәжбүрлеп алып қоюға жатады. Мысалы, ағымдағы жылы Абай ауданнының №2 сотымен шаруа қожалығы А. алаңы 2500 га жер учаскесі мәжбүрлеп қайтарылды.
Сондай – ақ жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған тұлғалардың тізіліміндегі жеке және заңды тұлғаларға жер учаскелерін беруге жол берілмейді.
Жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған тұлғалардың тізіліміндегі мәліметтер осы Кодекстің 92 және 93-баптарының негізінде жер учаскесін мәжбүрлеп алып қою туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш жыл өткеннен кейін алып тасталады.

Жер мониторингі және
орналастыруды бақылау
бөлімінің басшысы
А.А. Саринова


Вернуться назад

Аудан жаңалықтары

Аймақ жаңалықтары

Мемлекеттік бағдарламалар

Сұрау

Валюта бағамдары

Ауа-райы

Ақпараттық порталды қалай бағалайсыз? ОТВЕТИТЬ
Доллар 330.00
Евро 390.72
Рубль 5.65
В Нуринске сейчас: 2°C ашық
  • Дымқылдылық: 36%
  • Қысым: 719
  • Жел: 2 м/с

© 2007-2012 Информационный портал аппарата акима Нуринского района
© 2012 Разработка и поддержка: Интернет-компания «Creatida»