Елдіктің өлшемі – рухани байлық

Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының ұсынысымен және облыс әкімі Ерлан Қошановтың қолдауымен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауын халық арасында насихаттау жұмыстарын жүргізу желісінде Қарағанды облысынан шыққан ел ағаларын тұрғылықты халықпен жүздестіре талқылау қолға алынған.

Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының ұсынысымен және облыс әкімі Ерлан Қошановтың қолдауымен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауын халық арасында насихаттау жұмыстарын жүргізу желісінде Қарағанды облысынан шыққан ел ағаларын тұрғылықты халықпен жүздестіре талқылау қолға алынған. Осы жоба аясында Нұра ауданына қоғам қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Жайлыбай арнайы шақырылып, Мемлекет Басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты 2017 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауы және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының бағыттары қызу талқыға түсті.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» тұжырымдамасы ақиқатты жайып салған, Абайша айтсақ, «сыңғырлар өңкей келісімнен тұратын» жүректің көзі, кәдімгі тілектің сөзі болып шықты. Аққудың қанатынан ән естіртіп, тұлпардың тұяғынан күй тыңдаған қазақ деген қасиетті жұрттың Қазақстан деген қастерлі елдің ханы мен қарашасының жанының нұры бірге толқып жатса, санамыздың дара даңғылға түскені.
Бұл бүгінгі ұрпақты темірқазықтай болып, болашаққа бағдар етер тұжырым тұнған сөз, - деп кездесуді бастаған ақын, жазушы Ғалым Жайлыбай ағамыз мақаланы жиналған қауыммен қазіргі қоғамнан нақты деректер келтіре отырып, жан-жақты пысықтады.
Сонымен қатар кездесу барысында мақалада айтылған негізгі бағыттарды жүзеге асыруда барлық қазақстандық азамат белсенділік таныту керектігі айтылды. Себебі, еліміздің жарқын болашағы - келер ұрпақтың жақсы өмір сүру кепілі. Президентіміз: «Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты сол - ұлттық кодыңды сақтай білу. Онсыз жаңғыру дегеніміздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай», - деп рухани жаңғыру рухани болмысымызды сақтауда жатқанын атап көрсеткен болатын.
Осы төңіректегі әңгімеде ұлттық код ұғымын әркім өз білгенінше түсінгені байқалды. Іркіліп қалған ешкім жоқ. Кездесуге келген тұрғындар ойларын ашық ортаға салып, кездесуді жандандырып жіберді. Ұлттық код – біздің барлық бай мұраларымыз, тарихымыз бен мәдениетіміз. Тарихтан терең тамыр алып, рухани құндылығымызды дәріптесек, кемел келешекке зор мұрамен жетеміз.
Кездесу барысында «Ұлттық бірегейлікті сақтау», «Прагматизм», «Білімнің салтанат құруы» сынды тақырыптар жеке-жеке сөз болды. Ғалым Жайлыбай ағамызбен өткен кездесудің тағы бір ерекше тұсы - ақынның әр ұшқыр ойды құдіреті күшті поэзия әлемімен ұштастыра білуінде болды. Ауданның жастары насихат жұмысынан бөлек, аудан орталығында арнайы поэзия кешін өткізуге қолқа салды. Ақын аға жастардың ұсынысын қабыл алды. Рухани кездесу кеші келер күннің еншісінде.
Болашақтың кілті – көздеген мақсатқа қол жеткізу мен заман талабына сай көне мен бүгінгіні қисынды ұштастыру. Өзіміздің рухани кодымызға сүйене отырып, рухани жаңғыруда екеніне шынайы көз жеткізген көпшілік алқалы жиында ортақ бір мәмілеге, бір шешімге тоқтап, бәтуалы ұйғарым жасады.
Т.Пішенбаева


Вернуться назад

Аудан жаңалықтары

Аймақ жаңалықтары

Мемлекеттік бағдарламалар

Сұрау

Валюта бағамдары

Ауа-райы

Ақпараттық порталды қалай бағалайсыз? ОТВЕТИТЬ
Доллар 330.00
Евро 390.72
Рубль 5.65
В Нуринске сейчас: 2°C ашық
  • Дымқылдылық: 36%
  • Қысым: 719
  • Жел: 2 м/с

© 2007-2012 Информационный портал аппарата акима Нуринского района
© 2012 Разработка и поддержка: Интернет-компания «Creatida»