Қарттарға қамқорлықтың бір үлгісі

Қазан айын қарттарға қамқорлық айы десек қателеспейміз. Бір ай бойы түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. Осындай шара 27 қазан күні Кертінді ауылдық балалар кітапханасының кітапханашысы Тулеубаева Әлияның ұйымдастыруымен «Дені саудың – жаны сау» деген атпен зейнеткерлер арасында дойбыдан жарыс өткізілді.

Қазан айын қарттарға қамқорлық айы десек қателеспейміз. Бір ай бойы түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. Осындай шара 27 қазан күні Кертінді ауылдық балалар кітапханасының кітапханашысы Тулеубаева Әлияның ұйымдастыруымен «Дені саудың – жаны сау» деген атпен зейнеткерлер арасында дойбыдан жарыс өткізілді. «Қарттары бар ел – қазыналы ел» деген халық сөзінің мәйегі өз үдесінен шығып, күздің әдемі қоңыр салқын күнімен бірге дойбы ойыны қызықты өтті. Жеңімпаздарға Кертінді ауылының азаматтары Досболов Қ., Хамзин Е., Жұртболов Д., Құтжанов Д., Бишкенов Н., Досжанов Т., Сыздыков Е. сынды азаматтар демеушілік жасады. Қатысушылар арнайы сыйлықпен және Алғыс хаттармен марапатталды. Жарыс қорытындысы бойынша ерлер арасында І орын Сыздыков Б., ІІ орын Жұмабеков Қ., ІІІ орын Рысбай Ж. аталарымызға берілді. Ал әйелдер арасында І орын Темиржарова А., ІІ орын Бапишева Р. мен Базылова Р. апайларымызға бұйырды.
Кітапханаға келген көрермендер де, қатысушылар да көтеріңкі көңіл-күймен тарасты. Осындай игілікті іс-шаралар жалғасын тауып жатса, келер ұрпаққа үлгі болар еді.
Т.Т. Самаров
Тәрбие ісінің орынбасары


Вернуться назад

Аудан жаңалықтары

Аймақ жаңалықтары

Мемлекеттік бағдарламалар

Сұрау

Валюта бағамдары

Ауа-райы

Ақпараттық порталды қалай бағалайсыз? ОТВЕТИТЬ
Доллар 330.00
Евро 390.72
Рубль 5.65
В Нуринске сейчас: 2°C ашық
  • Дымқылдылық: 36%
  • Қысым: 719
  • Жел: 2 м/с

© 2007-2012 Информационный портал аппарата акима Нуринского района
© 2012 Разработка и поддержка: Интернет-компания «Creatida»