Латын әліпбиіне көшу

Латын әліпбиінің мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау мақсатында С.Сейфуллин атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде 9 қазан күні 8-11-сынып оқушылары арасында талқылау дебаты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қаржасова Салтанат Мұхаметшаріпқызының ұйымдастыруымен өткізілді.

Латын әліпбиінің мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау мақсатында С.Сейфуллин атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде 9 қазан күні 8-11-сынып оқушылары арасында талқылау дебаты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қаржасова Салтанат Мұхаметшаріпқызының ұйымдастыруымен өткізілді.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2017 жылы 12 сәуірде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек», - деп айтқан еді. Ең алдымен мектеп директоры Балабиев Атымтай Ескенұлы дебат қатысушыларына сәттілік тілеп, латын әліпбиіне көшу мемлекетіміз үшін маңызды екенін айтып өтті.
Қоғамда латын әліпбиіне көшу туралы пікір әр алуан. Міне, осы жайында 10-11- сынып оқушылары өз ойларын талқыға салды.
«Латын әліпбиіне көшу» жақтаушы жақ пен даттаушы жақты анықтау үшін жеребе тасталынды. Жеребе бойынша жақтаушы топ 10-сынып оқушылары Мұқатай Ажар, Фаррахова Асия, Серикова Мадина, ал даттаушы топ 11-сынып оқушылары Иса Аружан, Фаррахова Наргиза , Мадатова Аяна. Жеребе бойынша латын әліпбиіне көшуді қолдамайтын даттаушы топ болған 11-сынып оқушылары өздерінің уәжін айтты. «1940 жылғы 13 қарашада «Қазақ жазуын латындандырылған әліпбиден орыс графикасы негізіндегі жаңа әліпбиге көшіру туралы» заң қабылданды. Латын әліпбиінің негізінде жасалған жазу үлгісі 1929 жылдан 1940 жылға дейін қолданылып, кейін кириллицаға ауыстырылды. Бір рет қолданған латын әліпбиін қайта –қайта қолданудың қажеті жоқ. Біз онсызда түрлі тәжірибе сынақтан өткенбіз. Білім және ғылым министрінің есептеуіне сүйенсек, кириллицадан латынға көшу үшін Қазақстанға 300 млн. АҚШ доллары қажет екен және 15 жыл уақыт қажет екен. Сонша ресурс шығынданып, табатынымыз не? Латын әліпбиіне көшуге біз қарсымыз.
Біріншіден, мемлекетімізде жаппай сауатсыздық орын алады.Себебі ересек адамдарды қайта партаға отырғызып оқыта алмаймыз.
Екіншіден, қазірдің өзінде оқулықтар барлық оқушыларға толық жетпей жатыр, ал латын әліпбиіне көшкенде не болады?
Үшіншіден, осы күнге дейін жазған кітаптарымыз кириллицамен жазылған, оларды латын әліпбиіне қашан аударып боламыз?
Төртіншіден, қазір әлемде дағдарыс жүріп жатыр, біз латын әліпбиіне қаражатты қайдан аламыз, оған көп қаражат керек», - деп өздерінің қауіптенетін тұстарын жеткізді.
Жақтаушы топ 10-сынып оқушыларының айтқандары:
«Латын әліпбиі – ана тіліміздің қолданылу аясын кеңейтеді. Қазақ тілін жаңа заман талаптарын сай жаңғырту мүмкіндігі пайда болады. Шет елде қаншама қандастарымыз жүр. Латын әліпбиі арқылы әлемге тарыдай шашылып кеткен қазақтарымыздың жазу бірлігіне қол жеткізе аламыз. Қазақ тіліндегі әртүрлі басылымдар, газет –журналдар, кітаптарды әлемнің әр бұрышында жүрген қазақтарымыз оқи беретін болады. Алаш қайраткерлері де латын әліпбиін жазу-сызуда қолданды. 1930 жылдары жазылған ата-бабамыздың бай әдеби мұралары латын әліпбиінде жазылған соларды оқи алатын едік. Латын әліпбиін бүкіл әлем жұртшылығы қолданады. Әлемдегі ақпараттардың 70 пайызы латын әріпімен таралады. Ғаламтор желісі де, ватсап, фейсбук, инстаграм латын әліпбиіне негізделген. Тіл тазалығы да сақталар еді. Әліпбиіміз саны бар, сапасы жоқ әріптерден тазарар еді. Әлемдік өркениеттен қалып қоймайтын едік. Сондықтан да латын әліпбиіне көшу – қазақ халқы үшін де, тіліміз үшін жақсы болар еді», - деп латын әліпбиіне көшудің тиімді жақтарын айтты.
Тыңдаушы- көрермендер, оқушылар арасынан 8-сынып оқушылары Рахимбеков Азат, Бекет Ерасыл, мұғалімдер Қалкенов Алмас Сүлейменович, Байсалов Дархан Жақсылықович, Қайсабекова Светлана Миллиардовна өз ойларымен бөлісті.
Мектептің тәрбие ісі жөніндегі меңгерушісі Серикова Бибігүл Кайырбековна латын әліпбиіне көшу туралы көп мағлұмат алғанын жеткізіп, дебатқа қатысушыларға, оны ұйымдастырған Қаржасова Салтанат Мұхаметшаріпқызына оқушылар және мұғалімдердің атынан алғысын білдірді.
Бұған дейін де қыркүйек айында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қаржасова Салтанат Мұхаметшаріпқызы «Латын әліпбиіне көшу – уақыт талабы» тақырыбына оқушылар арасында дөңгелек үстел өткізген болатын. Енді бүгін дебат өткізіп, оқушыларға латын әліпбиінің мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттап, үлкен жауапкершілікпен бағыт-бағдар беріп келеді.
Ж.М.Фаррахова
С.Сейфуллин атындағы ЖОББМ


Вернуться назад

Аудан жаңалықтары

Аймақ жаңалықтары

Мемлекеттік бағдарламалар

Сұрау

Валюта бағамдары

Ауа-райы

Ақпараттық порталды қалай бағалайсыз? ОТВЕТИТЬ
Доллар 330.00
Евро 390.72
Рубль 5.65
В Нуринске сейчас: 2°C ашық
  • Дымқылдылық: 36%
  • Қысым: 719
  • Жел: 2 м/с

© 2007-2012 Информационный портал аппарата акима Нуринского района
© 2012 Разработка и поддержка: Интернет-компания «Creatida»