Бүлдіршіндер қуанышы

Жараспай ауылында мектеп жанынан ашылған шағын орталық толық күнге ауыстырылды.

Жараспай ауылында мектеп жанынан ашылған шағын орталық толық күнге ауыстырылды.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бекіткен Қазақстан Республикасының білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жолында біздің аудан бойынша 30 мектепке дейінгі ұйымда 1591 бала тәрбиеленуде. Мұның ішінде 2-уі - бөбекжай, 28-і - шағын орталық.
Аталған шағын орталықтың ашылу салтанатына аудан әкімі Ниқанбай Омархановтың атынан қатысқан аудан әкімінің орынбасары Мұратбек Тұраров жиналған қауымды, шағын орталық ұжымын қуаныштарымен құттықтады. Балаларға деп арнайы алынған базарлықтарын үлестірді.
Бүлдіршіндер қуанышына ортақтасып келген «Жараспай» серіктестігінің директоры Сейілхан Қоңырбаев ауылдастарына жүрек жарды тілегін білдірді. Ауылдың тыныс-тіршілігімен біте қайнасып, қызмет атқарып жүрген атымтай жомарт ел ағасы бұл жолы да жолынан жығылмады. Болашақтың тұтқасы, бір-бір үйдің еркесінің екінші үйіне айналар орталыққа деп 200 мың теңге көрімдігін сыйға тартты.
Ұлттық дәстүрге сай ауылдың үлкені Сахинов Өмірбек ата адал ниет, жақсы тілектен өрілген бүлдіршіндерге арналған батасын берді. Бүлдіршендер де өз кезегінде тосылып қалмады. Ашылу салтанатына арнайы келген қонақтар назарына өнерлерін ұсынып, би де биледі, ән де салды, тақылдата тақпақ та айтты. Бөбектер өнеріне риза болған ауыл азаматы Ж.Тасымов ата-аналар атынан сый-сияпат көрсетті.
25 орындық шағын орталықтың толық күнге ауысу жұмысына аудандық бюджеттен 2,9 млн. теңге бөлінген. Онымен қоса, жыл басынан осы мектептің өзіне 1,5 млн. теңгеге экран, компьютер, проекторлар, спорттық тауарлар, т.с.с. мектеп өміріне қажет құрал-жабдықтар берілген.
Мұндай игі шаралардың атқарылуы – жаңа жұмыс орындарының пайда болуына және азаматтардың әл-ауқатының жақсаруына негіз қалап отырғаны айқын. Сонымен қатар мектеп жасына дейінгі балалар мекемелеріндегі тәрбиенің сәбиді отбасында тәрбиелеумен салыстырғанда бірқатар ерекшеліктері болары анық. Тәжірибелі тәрбиешілердің бақылауымен және басшылығымен балалардың өзара қарым-қатынасы өмір бойы ұмытылмайтын терең жолдастық сезімге ұласып, сәби бойында дұрыс мінез-құлық қалыптасары анық.
Т.Пішенбаева


Вернуться назад

Аудан жаңалықтары

Аймақ жаңалықтары

Мемлекеттік бағдарламалар

Сұрау

Валюта бағамдары

Ауа-райы

Ақпараттық порталды қалай бағалайсыз? ОТВЕТИТЬ
Доллар 330.00
Евро 390.72
Рубль 5.65
В Нуринске сейчас: 2°C ашық
  • Дымқылдылық: 36%
  • Қысым: 719
  • Жел: 2 м/с

© 2007-2012 Информационный портал аппарата акима Нуринского района
© 2012 Разработка и поддержка: Интернет-компания «Creatida»