БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

Жылдың басынан 10 мыңнан астам әйел ҚР мамандандырылған

2016 жылғы 5 наурыз Астана қ.
Жылдың басынан 10 мыңнан астам әйел ҚР мамандандырылған
ХҚКО-ларында жүргізуші куәліктерін алды
Бұл сан жыл басынан жаңа жүргізуші куәліктерін алған жалпы автомобилистер санының 30%-ына жуығын құрайды. Барлығы 36 115 жүргізуші куәлігі, оның ішінде әйелдерге – 10 776 жүргізуші куәлігі берілді.
«ХҚКО» РМК бас директоры Әсемгүл Балташеваның айтуына қарағанда, мамандандырылған ХҚКО-да жүргізуші куәлігін алған автомобиль әуесқойларының саны жыл сайын өсіп келеді. «2014 жылы, мысалы, қаңтар және ақпан айларында мамандандырылған ХҚКО-ларда 15 мыңнан астам қазақстандық жүргізуші куәлігін алды, олардың ішінде 4 мыңы – әйелдер. 2015 жылдың 2 айына – 27 мыңнан астам, олардың ішінде 8 мыңнан астамы – әйелдер. Осы жылы да біз сол сияқты жүргізуші куәліктерін беру бойынша қызметтердің өсу динамикасын көрдік»,- деп айтып өтті ол.
Автокөлік құралдарын тіркеу бойынша алғашқы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы Қарағанды қаласында пайда болғандығын, кейіннен мамандандырылған ХҚКО-лар Алматы, Астана, Ақтау және Тараз қалаларында жұмыс жасай бастағандығын атап өтеміз. Бүгінде Қазақстанда автокөлік иелеріне қызметтер көрсету бойынша 11 мамандандырылған ХҚКО жұмыс істейді.
Бизнес-процесстерді автоматтандырудың және мемлекеттік органдардың деректер қоры мен ақпараттық жүйелерін интеграциялаудың арқасында жүргізуші куәліктерін алу уақыты 2 сағатқа дейін қысқарды. Бұдан басқа, мамандандырылған ХҚКО-лардың аумағында психоневрологиялық, наркологиялық диспансерлер дәрігерлерінің кабинеттерін және медициналық комиссияларды орналастыру клиенттерге барлық ілеспе анықтамаларды бір жерде алуға мүмкіндік берді.
Мамандандырылған ХҚКО-ларда міндеттерді бөлісу қолданылатындығын атап өту керек: ХҚКО қызметкерлері құжаттарды қабылдаумен және дайын құжаттарды берумен айналысады, ал ТЕБ қызметкерлері жүргізуші куәліктері мен көлік құралдарын тіркеу куәліктерін жасау процесіне қатыстырылады.

«ХҚКО» РМК баспасөз қызметі
Тел: 8 (7172) 55 85 99


Вернуться назад

Аудан жаңалықтары

Архив

Аймақ жаңалықтары

Мемлекеттік бағдарламалар

Сұрау

Валюта бағамдары

Ауа-райы

Ақпараттық порталды қалай бағалайсыз? ОТВЕТИТЬ
Доллар 384.97
Евро 427.12
Рубль 6.04
В Нуринске сейчас: -3°C пасмурно
  • Дымқылдылық: 91%
  • Қысым: 722
  • Жел: 5 м/с

© 2007-2012 Информационный портал аппарата акима Нуринского района
© 2012 Разработка и поддержка: Интернет-компания «Creatida»