Теміртаудағы экологиялық жағдайды жақсарту бойынша Кешендік жоспар бекітілді

2018-2020 жылдарға Теміртау қаласының экологиялық жағдайын жақсарту бойынша Кешендік жоспар барлық құптау процедураларын өтіп, соңына дейін бекітілді.
Естеріңізне сала кетейік, "қара қармен" байланысты жағдайдан соң Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов металлургтер шаһарындағы экологияны жақсартуға бағытталған шаралар кешенін құру туралы тапсырма берген болатын. Басты шарт жүйелі әдістер құру. Құжат жобасына өз ұсыныстарын дербес экологтар мен Теміртау қаласының белсенді топ мүшелері енгізді. Жоспарды орындау мониторингі тоқсан сайын өткізіліп отырады. Әр тармақ бойынша жауапты жақтар анықталған.
Жоспардың ішіне ірі өнеркәсіп кәсіпорындарымен атмосфераға ластаушы заттардың шығаруын төмендету бойынша шаралар енгізілген.
Тазарту құрылғыларын қайта қалыпқа келтіру және орнату, өндірісті жаңғырты және т.б. қарастырылған.
Қалада энергия үнемдеуді жоғарылату, қалдықтарды басқару және су ресурстарын қорғау бойынша шаралар ескерілген. Кешендік жоспар шараларын жүзеге асыру стационарлық көздерден атмосфераға шығатын ластаушы заттардың жіберілуін 82,7 мың тоннаға дейін, жылжымалы көздерден - 15-20%-ға дейін төмендетуге, күкірт сутектің шығарылуын 30%-ға дейін азайтуға, қалдықтардың қоймалануын жылына 1,3 млн тоннаға дейін төмендеьуге мүмкіндік береді.
Қаланың дендрологиялық жоспары құрылады. Теміртауда жасыл желектердің санын анағұрлым ұлғайту жоспарланып отыр.
Жоспарға қоршаған ортаның жағдайына қоғамдық бақылау жасауға бағытталған шаралар енгізілген.
Қарағанды облысының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының ақпараты бойынша
 


Вернуться назад


Все новости региона на karaganda-region.gov.kz

Аудан жаңалықтары

Архив

Аймақ жаңалықтары

Мемлекеттік бағдарламалар

Сұрау

Валюта бағамдары

Ауа-райы

Ақпараттық порталды қалай бағалайсыз? ОТВЕТИТЬ
Доллар 339.95
Евро 392.64
Рубль 5.30
В Нуринске сейчас: 15°C ашық
  • Дымқылдылық: 53%
  • Қысым: 713
  • Жел: 3 м/с

© 2007-2012 Информационный портал аппарата акима Нуринского района
© 2012 Разработка и поддержка: Интернет-компания «Creatida»