Қарағандылық жас футболшылар «Өзгеше сен!» челленджін қолдады

Бүгін «Шахтёр» футбол алаңында «Өзгеше сен!» челленджін қолдау және «Шахтёр» қарағандылық клубының 60 жылдығына орай флеш-мобы өтті. Бұл акцияға 500-ге жуық спортшылар қатысты.
- Сіздер білесіздер, біз балалар, жасөспірімдер және жастар футболынқолдау және дамыту туралы үш жақты меморандумға қол қойдық. Клубтың мерейтойлық жылында бұл келісімді жасағанымыз жақсы белгі деп ойлаймыз. Біз бүкіл ел бойынша жүріп жытқан челленджден сырт қалмаймыз. Бір барлық қазақстандықтарға: футболды сүйіңіздер, футболға келіңіздер, футбол ойнаңыздар және футболға жакүйер болыңыздар! Дейміз, - деді «Шахтёр» ФК атқарушы директоры Әлібек Урузғалиев.
Алаңда жас футболшылар «Шахтёр» жазуының бойымен сап түзеді. Кеншілер командасының ойыншылары музыканың сүйемелдаеуімен «60» санын алып шықты.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, енді мерейтойлық нышан әр ойын сайын шығарылады. 17-ші маусымда 15.00-де «Шахтёр» өз алаңында «Қызыл-Жар» (Петропавл) командасымен бақ таластырады..
Естеріңізге сала кетейік, 4-ші маусымда Қазақстанда «Өзгеше сен!» Challenge бастау алған болатын. Ұлттық спорттық бастаманы ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қолдады. Елбасы өзінің «Өзгеше сен!» челленджін қолдау ретінде жасаған бейне жолдауында тек дені сау, креативті, рухы мықты, жастайынан спортпен шұғылданатын адамдар ғана елімізді одан әрі дамыта алады деп атап айтқан болатын.
 


Вернуться назад


Все новости региона на karaganda-region.gov.kz

Аудан жаңалықтары

Архив

Аймақ жаңалықтары

Мемлекеттік бағдарламалар

Сұрау

Валюта бағамдары

Ауа-райы

Ақпараттық порталды қалай бағалайсыз? ОТВЕТИТЬ
Доллар 339.95
Евро 392.64
Рубль 5.30
В Нуринске сейчас: 15°C ашық
  • Дымқылдылық: 53%
  • Қысым: 713
  • Жел: 3 м/с

© 2007-2012 Информационный портал аппарата акима Нуринского района
© 2012 Разработка и поддержка: Интернет-компания «Creatida»