"Мұрагер" мамандандырылған мектеп-интернаты 20 жылдығын атап өтуде

Биылғы жылы "Мұрагер" облыстық мамандандырылған мекеп-интернаты 20 жылдық мерейтойын атап өтуде. Бүгін Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов мектептегі соңғы қоңырау мерекесіне барып, түлектерді құттықтап қайтты.



- Бүгін сіздер үшін жаңа өмірге есік ашылды, бұл өте ерекше күн. Мектеппен, мұғалімдермен және сыныпас достармен қоштасу сәті мәңгілікке естеріңізде қалады, - деді Ерлан Қошанов түлектерге. - Жақын арада емтихандарыңыз басталады, сол сынақтан сүрінбей өтулеріңізді тілеймін. Сіздер үшін ол соншалықты қиын болмайды деп ойлаймын, себебі сіздер - ерекше дарынды балаларға арналған мектептің түлектерісіздер. Кейбіріңіз оқуды жалғастырасыздар, ал қалған кейбіреулеріңіз қызмет жолын бастап кетерсіздер. Қай жерде болмасаңыздар да, қай жолды таңдасаңыздар да Президентіміздің және мемлекетіміздің қолдауын сезінетін боласыздар. Қайда барсыңыздар да мектептіріңізді, туған қалаңызды, достарыңызды, жәнеде ең басысы ұстаздарыңызды ұмытпаңыздар. Жолдарыңыз ашық болсын!


"Мұрагер" мамандандырылған мектеп-интернаты 1997-ші жылы ашылған. Мұнда 24 сыныпта 437 бала білім алады. Ұстаздар құрамы: 57 мұғалім, 6 қосымша жұмыс атқаратын мұғалімдер, 9 тәрбиеші бар. Мектепте 93 орынға шақталған интернат жұмыс істейді.

Мектеп "Назарбьаев зияткерлік мектеп" тәжірибесін енгізу және тарату бойынша тірек мектебі болып табылады. Сонымен қатар Қарағанды облысының білім беру мекемелері арасында деңгейлік бағдарламалар бойынша ҚР педагогикалық кадрларының біліктілігін арттыру Бағдарламасының негізгі идеяларын енгізу бойынша Біліктілікті орталық. 2014-ші жылы "Мұрагер" ЮНИСЕФ клубының мүшесі атанды.


- Ата-аналардың өтініші бойынша мектептің фойесінде біз ақпараттық киоск орнаттық, ол арқылы білім процессі туралы барлық ақпаратты алуға болады. Мысалы, сабақ кестесі, қоңыраулар кестесі, мектепте қандай курстар бары, мұғалімдер мен кабинеттер туралы ақпарат, - дейді "Мұрагер" мектебінің директоры Нұрғазы Өтебаев.

Мектеп оқушылары мен ұстаздары кабинеттер және электронды кітапхана туралы, тоғызыншы сынып оқушысы Әлішер Мейрам - "100 кітап" және "Туған елге тағзым" жобалары туралы айтып берді.


Электронды кітапханамен қоса мектепте сонымен қатар"Интеллектум" жаңа модификация кабинеті, балалар техникалық пәндерді оқитын Stem-орталық, мектептің youtube каналына арналған «Chef Murager» түсірілімі өтетін технология кабинеті бар.

"Мұрагерде" өз Media Club бар, онда оқушылар "Туған елге тағзым" жобасы бойынша түсірген бейнероликтерін көрсетті.

Бүгін мектепте "Нұр Отан" партиясының бастамашыл жобалары шеңберінде сыйға тартылған ІТ-кабинет ашылды.



- Барлығы "Нұр Отан" шағын жіне орта бизнесті қолдау, білім саласын дамыту бойынша 22 жаңа бастамашыл жобалар құрды. ІТ-технологияларды қолдана отырып, балалар үшін білімді қолжетімді ету мақсатында және "Сандық Қазақстан" м емлекеттік бағдарламасының әсерін үдеті үшін "Балалар үшін тегін ІТ-сыныптар" жобасы шеңберінде "Мұрагер" мектебінде ІТ-сынып ашылды. Биылғы жылы облыс бойынша осындай 22 сынып ашуды жоспарлап отырмыз. Балалар факультативті түрде және тегін айналыса алады, - деп түсіндірді "Нұр Отан" партиясының Қарағанды облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қадиша Оспанова.

Облыс әкіміне сонымен қатар мектептің робототехника кабинеті мен жаратылыстану ғылымдарының зертханаларын көрсетті.


"Мұрагер" мектебінде 5-ші сыныптан бастап білім беріледі. Мұнда білім беру процессіне үш тілде оқыту жүйесі сәтті енгізілді. Биология, математика, информатика, физика 7-9 сыныптарда ағылшын тілінде оқытылады, 6-9 сыныптарда екінші шет тілі ретінде француз тілі оқытылады.

"Мұрагер" мектебінің оқушылары жыл сайын облыстық, республикалық және халықаралық олимпиадаларға және ғылыми жобалар байқауларына қатысады. Соңғы 3 жылда мектеп тәлімгерлері ағылшын, неміс тілдері, тарих пәндері бойынша халықаралық олимпиадаларда, информатика, робототехника, математика, биология пәндері бойынша халықаралық ғылыми жобалар байқауларында жеңімпаз атанды.

Биылғы жылы мектепті 80 түлек бітіліп жатыр. олардың 10-ы "Алтын белгіге" үміткер, 8-і үздік аттетстат алады.


***

Барлығы Қарағанды облысында 515 мектеп. Соңғы қоңыраулар 11 сынып оқушылары үшін 377 мектепті сыңғырлады.

Биылғы жылы оқуды 8 140 түлек аяқтайды, олардың 5 952-і ЖОО-на түсуді және ҰБТ тапсыруды жоспарлап отыр.

«Алтын белгіге» үміткерлер - 316 түлек, үздік бағасы бар аттестатты 268 бала алады.

Түлектер арасында 12 республикалық олимпиадалардың, 6 республикалық ғылыми жобалардың жүлдегерлері, 5 халықаралық байқаулардың жеңімпаздары және 1 халықаралық олимпиада жүлдегері бар.

Ұлттық бірыңғай тестілеу 2018-ші жылы республикамызда 20-шы маусымнан 1-ші шілдеге дейінгі аралықта өтеді. Тестілеу ҰБТ өткізетін 15 орын базасында өтеді, олардың 5-і ЖОО базасында болса, 10-ы жалпы білім беру мектептерінде.
 


Вернуться назад


Все новости региона на karaganda-region.gov.kz

Аудан жаңалықтары

Архив

Аймақ жаңалықтары

Мемлекеттік бағдарламалар

Сұрау

Валюта бағамдары

Ауа-райы

Ақпараттық порталды қалай бағалайсыз? ОТВЕТИТЬ
Доллар 339.95
Евро 392.64
Рубль 5.30
В Нуринске сейчас: 15°C ашық
  • Дымқылдылық: 53%
  • Қысым: 713
  • Жел: 3 м/с

© 2007-2012 Информационный портал аппарата акима Нуринского района
© 2012 Разработка и поддержка: Интернет-компания «Creatida»