Қарағандыда cоңғы қоңырау соғылды

Қарағандыда бүгін жалпықалалық cоңғы қоңырау мерекесі өтті, онда ең үздік оқушыларға құрмет көрсетілді.


«Жастар» спорт кешенінде жиналған түлектерді қала әкімі Нұрлан Әубәкіров құттықтады:
- Мен осындай мерекелік шараға, сіздердің соңғы қоңырауларыңызға қатысып отырғаныма өте қуаныштымын. Елбасы өзінің «Бес әлеуметтік бастама» халыққа жолдауында басты мақсат ретінде, әр адамның қалыптасуында маңызды құрама болып табылатын білімді дамыту туралы айтқан болатын. Адами ресурсқа назар салу – жарқын болашақтың кепілі болады. Бүгінгі таңда мектеп парталары мен студенттік дәрісханаларда отырғандарға біздің қаламыз бен еліміздің болашағы тәуелді.

Түлектерді сонымен қатар бірінші сініп оқушылары, педагогикалық қызмет ардагерлері, ата-аналар құттықтады. Мереке барысында халықаралық байқаулар, олимпиадалар мен спорттық сайыстардың жеңімпаздарына құрмет көрсетілді. Салтанатты сөзді «жылдың үздік оқушысы-2018» қалалық байқаудың жеңімпаздары - №23 орта мектептің түлегі Жандос Мейрамов пен №16 мектептің түлегі Татьяна Цхай айтты.

- Биылғы жылы түлектер арасында түрлі олимпиадалар мен байқаулардың, спорттық және шығармашылық сайыстардың жеңімпаздары көп,- деді №23 ОМ оқушысы Жандос Мейірманов. – Мен Қарағанды қаласының жастар мәслихатының хатшысымын, 9-шы сыныптан бастап қоғамдық қызметтермен айналысамын. ЖОО-на түсуді жоспарлап отырмын. Егер шет елдік университетке түсетін болсам, «экономика және менеджмент» мамандығы бойынша білім аламын. Егер Қазақстанда қалсам, ЖОО-да мемлекеттік және жергілікті өзін өзі басқару бойынша оқитын боламын.


«Жылдың үздік оқушысы-2018» байқауы 4 кезеңнен құралды. Тапсырмалар қатарында эссе жазу және шешендік өнерде сайысу болды. Ақтық сайысқа №38, №1, №93 гимназиялары мен №23 және №16 мектептердің түлектері шықты.


Биылғы жылы Қарағандыда 2100 түлек бар, олардың 1700-і ҰБТ тапсыруды жоспарлап отыр. «Алтын белгіге» 66 оқушы үмітті, ал үздік белігсі бар аттестатты 46 түлек алады деп жоспарланып отыр.
ҰБТ тапсыратын оқушылардың басым бөлігіинженерлік мамандықтарды таңдауда – олардың саны 56 адам. 400-ге жуық түлек медициналық мамандыққа бет бұрып отыр, яғни олар химия және биология пәні бойынша тест тапсырады. 200-ге жуық түлек шығармашылық мамандықтарды меңгеруді ойластырып отыр: музыкалық, көркемөнер, дизайн және сол секілді.
 


Вернуться назад


Все новости региона на karaganda-region.gov.kz

Аудан жаңалықтары

Архив

Аймақ жаңалықтары

Мемлекеттік бағдарламалар

Сұрау

Валюта бағамдары

Ауа-райы

Ақпараттық порталды қалай бағалайсыз? ОТВЕТИТЬ
Доллар 339.95
Евро 392.64
Рубль 5.30
В Нуринске сейчас: 15°C ашық
  • Дымқылдылық: 53%
  • Қысым: 713
  • Жел: 3 м/с

© 2007-2012 Информационный портал аппарата акима Нуринского района
© 2012 Разработка и поддержка: Интернет-компания «Creatida»