Қарағандыда «Арманға жол» жартылай марафоны басталды

Қарағандыда жыл сайын өтетін «Арманға жол» жартылай марафоны басталды. Жүгірістке стартты облыс әкімі Ерлан Қошанов берді. Биылғы жылы жартылай марафонға 5000-нан астам адам қатысты.


- 3500-ден астам қатысушылар онлайн түрде алдын ала жазылды. "Балапан" жүгірісіне 500-ден астам бала қатысуда, ол өткен жылмен салыстырғанда анағұрлым көбірек, 8-14 жас аралығындағы қыздар мен ұл балалар. Сонымен қатар биыл бізде пэйсмейкерлер (озып шығатын, және белгілі-бір дистанцияда жүгіріске ырғақ беретін адамдар - ред.) жүгіреді. Жеке рекорд орнатқылары келетіндер солардың артынан жүгіріп отырады. Айта кетейін дегенім, биылғы жылы адамдардың көңіл-күйі жақсырақ, позитивке толы, - дейді Қарағанды облысының жеңіл атлетика федерациясының президенті, "Арманға жол" ұйымдастырушыларының бірі Дмитрий Карпов.


Әр жүгірістің өз атауы бар: "Арманға жол" қатысушылары 21 шақырым жүгіреді. «Спутник» - 14 шақырым, «Достық» - 7 шақырым және «Балапан» - 2 шақырым.


-Басты мақсатымыз жартылай марафон үшін мінсіз трасса жасау болды. Ол қатысушылар нормативтерді орындай алу үшін жасалады. Биылғы жылы біз Украина, Қырғызстан және Белорруссияның алдыңғы қатарлы спортшыларын шақырдық. Біздің трассада жаңа рекродтар орнатылады деп күтудеміз, жуырда жеңімпаздардың есімін білетін боламыз. Мен белорус немесе украиндық спортшы ұтып алады деп ойлаймын. Олар өте күшті, әлемдік статистика бойынша 20 үздік марафоншылар қатарына енеді, - деді Дмитрий Карпов.
Өткен жылы «Арманғажол» жартылай марафонының басты дистанциясында 21 шақырымда үздік нәтижені Риддер қаласынан келген Андрей Лейменов көрсетті - 1 сағат 15 минут.


 


Вернуться назад


Все новости региона на karaganda-region.gov.kz

Аудан жаңалықтары

Архив

Аймақ жаңалықтары

Мемлекеттік бағдарламалар

Сұрау

Валюта бағамдары

Ауа-райы

Ақпараттық порталды қалай бағалайсыз? ОТВЕТИТЬ
Доллар 339.95
Евро 392.64
Рубль 5.30
В Нуринске сейчас: 15°C ашық
  • Дымқылдылық: 53%
  • Қысым: 713
  • Жел: 3 м/с

© 2007-2012 Информационный портал аппарата акима Нуринского района
© 2012 Разработка и поддержка: Интернет-компания «Creatida»