Балқаш қаласының әуежайы ұшу-қону жолағын жөндеуден өткізген соң кез-келген классты лайнерлерді қабылдай алатын болады

Балқаш қаласының әуежайында 2019-шы жылы ұшу-қону жолағын қалыпқа келтіру жұмыстары аяқталады. Жұмыстар басталып кетті. Ол жайлы қала әкімі Александр Аглиулин Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында мәлімдеді.
- Әуежайдағы жұмыстар басталып жатыр. Жолақ Қорғаныс министрлігінің құзырында. Жақында біз ұшу-қону жолағында күрделі жөндеу жасайтын мердігер компанияның басшыларымен кездестік. Биылғы жылыжолақты орнату бойынша барлық жұмыстарды аяқтау жоспарланып отыр. Ондай жағдайда әуежай кез-келген классты авиаборттарды қабылдай алатын болады, - дейді Александр Аглиулин.
Қазір тек бір рейс – Алматы-Балқаш бағыты ғана қызмет етеді. Қала әкімі болашақта әуе айлағында қозғалыс анағұрлым ұлғаяды деп үміттенеді.
Оның пікірінше, ұшу-қону жолағының қалыпқа келтірілуі аймақтағы туризмнің дамуына серпін береді. Билік басындағылардың мәліметінше, жыл сайын Балқашқа 14 мыңнан астам туристер келеді екен.
Күрделі жөндеу 2019-шы жылы аяқталады деп жоспарлануда.
- Бірақ егер барлығы компания уәде бергендей жүрсе, келесі жылдың басында әуежай кез-келген борттарды қабылдай алатын болады, - деп қосты қала әкімі.
 


Вернуться назад


Все новости региона на karaganda-region.gov.kz

Аудан жаңалықтары

Архив

Аймақ жаңалықтары

Мемлекеттік бағдарламалар

Сұрау

Валюта бағамдары

Ауа-райы

Ақпараттық порталды қалай бағалайсыз? ОТВЕТИТЬ
Доллар 339.95
Евро 392.64
Рубль 5.30
В Нуринске сейчас: 15°C ашық
  • Дымқылдылық: 53%
  • Қысым: 713
  • Жел: 3 м/с

© 2007-2012 Информационный портал аппарата акима Нуринского района
© 2012 Разработка и поддержка: Интернет-компания «Creatida»