Қарағандылықтарды «Мұражайлар түні» акциясына қатысуға шақырады

Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайы бүгін, 18.00-ден 24.00-ге дейін «Мұражайлар түні» акциясын өткізеді. Шара Халықаралық мұражай күніне орайластырылған.
Акция шеңберінде сонымен бірге «Шежіре Life» - «История моей семьи» облыстық байқауының жеңімпазы марапатталады.

«Көшпенділер өркениетінің мұрасы» Халықаралық Қоғамдық Қор мұражайдың сақ залында шеберлік-сыныбын, ежелгі түрік жазуының калиграфиясын оқыту шарасын өткізеді. Қатысушыларға руна түрік графикасының пайдалану ерекшеліктері мен туындау тарихы, ұлы көшпенділер өркениетінің салт-дәстүрлері, мәдениеті мен тұрмысы туралы айтып береді.

«Мұражайлар түніне» келушілер «Уақытқа саяхат» инсталяция-көрменің ашылуына қатысып, мұражай қорының сағаттар топтамасын тамашалай алады. «Мұражай қазынасы» квестіне қатысады. Балаларды «Ғарыштық смайликтер» - аквагримм және қынамен мехенди сурет салу күтуде. Ұйымдастырушылар сонымен қатар «Халық ойындары» атты ойын бағдарламасын әзірледі, онда арқан тарту, асық ату, қолөнер бұйымдарының көрмесі, флэшмоб және қала бойынша түнгі квест-экскурсия өтеді.

Акция мақсаты – қазіргі заманғы мұражайлардың ресурстры, мүмкіндіктері мен әлеуетін көрсете алу, мұражай қызметін таныстыруда жаңа, креативті әдістерді көрсету, мәдени-зияткерлік демалысты өткізуде келуші көрермендер қатарын ұлғайту болып табылады.

Өткізу орны: Облыстық тарихи-өлкетану мұражайы, мекенжайы: Ерубаев көшесі, 38.

Анықтама телефоны: 56-45-63
 


Вернуться назад


Все новости региона на karaganda-region.gov.kz

Аудан жаңалықтары

Архив

Аймақ жаңалықтары

Мемлекеттік бағдарламалар

Сұрау

Валюта бағамдары

Ауа-райы

Ақпараттық порталды қалай бағалайсыз? ОТВЕТИТЬ
Доллар 339.95
Евро 392.64
Рубль 5.30
В Нуринске сейчас: 15°C ашық
  • Дымқылдылық: 53%
  • Қысым: 713
  • Жел: 3 м/с

© 2007-2012 Информационный портал аппарата акима Нуринского района
© 2012 Разработка и поддержка: Интернет-компания «Creatida»