Қарағанды облысында «Трасса» жедел-алдын алу шарасы өтіп жатыр

Қарағанды облысында сәуірдің 19-нан 21-не дейінгі аралығында полицейлер «Трасса» жедел-алдын алу шарасын өткізуде. Бұл күндері ауылдық жерлердегі жол-патруль полициясының қызметкерлері және учаскелік полицейлері күшейтілген қызмет ету режиміне ауыстырылды. Түнгі уақытта трассаларда полиция патрульдері ЖӘЕАЖ нарядтарымен күшейтіледі.

Жедел-алдын алу шарасы жүргізушілер арасында көліктік тәртіпті нығайту және жол көлік оқиғалары санын төмендету мақсатында ұйымдастырылып отыр.
Сонымен қатар, көліктік ұйымдар өкілдерімен біріге отырып полицейлер қоғамдық көлік жүргізушілері, оның ішінде такси жүргізушілерінің жол жүру ережелерін бұзу деректерін анықтап, жоятын болады.

Ағымдағы жылдың 1-ші тоқсанында Қарағанды облысының аумағында 94 жол –көлік оқиғасы тіркеліп, соның салдарынан 34 адам қаза тапса, 122 –сі әртүрлі деңгейде жарақат алған. Жол көлік оқиғасының 15-і республикалық маңызы бар тас жолдарда тіркелсе, онда 21 –адам қаза тауып, 23-і жарақат алған. Талдау көрсеткендей жол –көлік оқиғасының негізгі салдары жылдамдықты шектен тыс асыру және жүргізушілердің жолдың қарсы бетіне шығуынан болып отыр.

Қарағанды облысы ІІД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша.
 


Вернуться назад


Все новости региона на karaganda-region.gov.kz

Аудан жаңалықтары

Архив

Аймақ жаңалықтары

Мемлекеттік бағдарламалар

Сұрау

Валюта бағамдары

Ауа-райы

Ақпараттық порталды қалай бағалайсыз? ОТВЕТИТЬ
Доллар 327.42
Евро 383.51
Рубль 5.29
В Нуринске сейчас: 24°C пасмурно
  • Дымқылдылық: 44%
  • Қысым: 702
  • Жел: 9 м/с

© 2007-2012 Информационный портал аппарата акима Нуринского района
© 2012 Разработка и поддержка: Интернет-компания «Creatida»