Тестілік режимде Doszhan Sport жаңа мұз айдыны жұмыс істей бастады

 Барлық ниет білдірушілерді Doszhan Sport жаңа мұз айдынына жаппай конькимен сырғанауға шақырады. Ол «Қарағанды Арена» мұз сарайының артында ашылды, және әзірге тестілік режимде жұмыс істейді.
Жаңа мұз айдыны қазіргі заманғы технологиялар бойынша салынып, құйылған. Аталмыш технологияға сай мұз астында құм төсеніш болады, ал жабындыны арнайы техниканың көмегімен құйып, күтеді. Соның арқасында мұз тығыз және тайғақ болып шығады.
«Қазір біз қала тұрғындарын жаппай мұзда конькимен сырғанауға шақырудамыз, соның арқасында мұз айдынымыздың артықшылықтары мен кемшіліктерін көріп, қажет болған жағдайда қосымша жұмыстарды атқарып, жетілдіретін боламыз. Бізде шешінетін бөлмелер, келушілер ыстық шаймен және жеңіл тағамдармен ауқаттанып алуға болатын кафетерийгіміз бар», - деп мәлімдеді «Сарыарқа» ХК баспасөз қызметі.
Бір сағат конькимен сырғанау құны қала бойынша ең төмен: 7 жасқа дейінгі балалар үшін билет құны 300 теңге, студенттер үшін де осы баға, ересектерге – 500 теңге. Әзірге сырғанаймын деп ниет білдірушілер тек өз конькилерімен келе алады. Алайда келешекте жаңа мұз айдынының әкімшілігі конкилер сатып алуды жоспарлап отыр.
«Doszhan Sport» мұз айдынында балалар және жасөспірімдер хоккей командалары, мәнерлеп сырғанаушылар, жәнеде мүмкін шорт-трекшілер жаттығатын болады. Екінші қабатта келешекте пластик жабыны бар балаларға арналған мұз айдыны мен сауықтыру орталығы пайда болады.
Жаппай сырғанаулар 21-ші сәуірде: 15.30-дан 17.00-ге дейін және 20.30-дан 22.00-ге дейін, сондай-ақ 22-ші сәуірде 12.00-ден 13.30-ға дейін, 13.45-тен 15.15-ке дейін және 18.00-ден 19.30-ға дейін өтеді.

 

Фото saryarka-hc.kz


Вернуться назад


Все новости региона на karaganda-region.gov.kz

Аудан жаңалықтары

Архив

Аймақ жаңалықтары

Мемлекеттік бағдарламалар

Сұрау

Валюта бағамдары

Ауа-райы

Ақпараттық порталды қалай бағалайсыз? ОТВЕТИТЬ
Доллар 327.42
Евро 383.51
Рубль 5.29
В Нуринске сейчас: 24°C пасмурно
  • Дымқылдылық: 44%
  • Қысым: 702
  • Жел: 9 м/с

© 2007-2012 Информационный портал аппарата акима Нуринского района
© 2012 Разработка и поддержка: Интернет-компания «Creatida»