Қарағанды облысында мемлекеттік сатып алу саласында сыбайлас жемқорлық қаупін төмендету бойынша жүйелі шаралар құрумен айналысады

Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша аймақтық комиссияның кезекті отырысын өткізді. Қатысушылар мемлекеттік сатып алу саласында сыйбайлас жемқорлық қылмыстары мен құқықбұзушылықтарының алдын алу және жою бойынша шараларды талқылады.
Бұл мәселе бойынша Мемлекеттік сатып алулар басқармасының жетекшісі Мұрат Кәдеков және Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің жетекшісі Алмас Каукитаев баяндама жасады.
Мемлекеттік сатып алуларды толығымен автоматтандыру бұл салада сыбайлас жемқорлық қаупін төмендетуге әсер етті, деп атап өтілді отырыста. 2017-ші жылдың 1-ші қаңтарында мемлекеттік сатып алудың барлық кезеңдері – келісімшартты жоспарлаудан бастап, орындауға дейін, сондай-ақ есеп беру электронды форматта жүзеге асырылады. Бұл процесстердің ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз етеді.
Оған қоса, мемлекеттік сатып алудың барлық кезеңдері ішкі мемлекеттік аудит органдарының өңделетін бақылауымен қамтылған.
Сонымен қатар мемлекеттік сатып алулардың бірыңғай ұйымдастыру институтын енгізу де тиімділікті көрсетіп отыр.
Дегенмен, бір көзден тауарлар мен қызметтерді сатып алу проблемалы болып қалып отыр. Сыбайлас жемқорлық қаупін төмендету үшін мұнда жүйелі шаралар қолдану қажет.
Алмас Каукитаев ұсыныстарды құраумен айналысатын жұмыс тобын құруды ұсынды. Оның құрамына мемлекеттік органдар мен бизнес-қауымдастықтардың өкілдері енуі тиіс. Анағұрлым кең тараған мемлекеттік сатып алуларды бірыңғай қорытындыға келтіру қажет деп санайды Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің жетекшісі. Ол үшін үлгілік техникалық сипаттама жасау керек.
Облыс әкімі бұл идеяны қолдады және осындай топты құру бойынша тапсырма берді.
- Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлықпен күресте ең бастысы – жазалайтын емес, ескертпе шараларын қолдану қажет. Жәнеде біз барлығымыз осыған септігімізді тигізуіміз керек, - деп атап айтты Ерлан Қошанов.
2017-ші жылы Қарағанды облысында 160 млрд теңгеден астам сомаға мемлекеттік сатып алулар өткізілген.
 


Вернуться назад


Все новости региона на karaganda-region.gov.kz

Аудан жаңалықтары

Архив

Аймақ жаңалықтары

Мемлекеттік бағдарламалар

Сұрау

Валюта бағамдары

Ауа-райы

Ақпараттық порталды қалай бағалайсыз? ОТВЕТИТЬ
Доллар 327.42
Евро 383.51
Рубль 5.29
В Нуринске сейчас: 24°C пасмурно
  • Дымқылдылық: 44%
  • Қысым: 702
  • Жел: 9 м/с

© 2007-2012 Информационный портал аппарата акима Нуринского района
© 2012 Разработка и поддержка: Интернет-компания «Creatida»