Ағашты қалай дұрыс отырғызу керек?

21-ші сәуірде «Бүкілқазақстандық орман отырғызу күні» Ұлттық акциясы өтеді. Қарағанды облысының тұрғындарын «жасыл эстафетаға» қатысып, өз үйлерінің немесе кеңселерінің алдында ағаш отырғызуға шақырады.

Оны қалай дұрыс жасау керектігі және көшеттің қурап қалуына жол бермеу үшін не істеу керектігі туралы «Озеленитель» фирмасының директоры Галина Федосеева айтып берді.

Біздің аймағымызда қандай ағаштар жақсы жерсінеді?
Өткен ғасырдың 50-ші жылдарында агрономдар мен ботаниктердің өткізген зерттеулеріне сай Қарағанды облысының күрт құбылмалы ауа райын және құрғақ климатын ескерсек, аймағымызда ұзын жапырақты шегіршіндер немесе қарағаштар, үйеңкі, мақтасы болмайтын күміс теректер жақсы өседі. Дұрыс күтім жасаған жағдайда шыршалар, қайың және басқа да ерекше күтімді қажет етпейтін ағаштар да жақсы өсіп кетеді.


Ағашты қалай дұрыс отырғызу керек?
Ағашты отырғызу ережелері көшеттің түрлеріне байланысты. Олар екі түрлі болады: ашық тамырлы жүйесімен және жабық, яғни топырақ үймесі бар. Ашық тамыр жүйесі бар көшеттер үшін әдетте 50*50 см ор қазу керек. Сонан соң топырақты тексеру қажет: егер ол балшықты, сары түсті болса, топырақты ауыстыру қажет. Ол үшін 100*100 см шұңқыр қазып, оны ағаш отырғызуға жарайтын топырақ, қарашірік және құм қоспасымен толтыру керек. Сонан соң жарамды топырақтың ішінен шұңқыр қазып, су құю керек. Тамыр маңындағы мойынша – тамырдың діңгекке айналатын жері топырақтың ішіне кетіп қалмай, соның деңгейінде болағыны дұрыс. Сонан соң ағашты көміп, оның маңын айналдырып топырақтан бөгет жасайды. Ол суару кезінде су ағып кетпес үшін жасалады. Бір көшетті отырғызу кезінде оның ұзындығына байланысты 10-нан 100 литрге дейін су қажет. 

Отырғызылған ағашты қалай күту керек?
Жас ағашты желдің күшінен сынып қалмауы үшін биік тақтайға байлап қойған жөн. Негізгі күтім – суару. Оны вегетация кезінде, дәлірек айтар болсақ көктемде, ағаш «ояна» бастаған кезде жасаған дұрыс. Көшетті молынан суару керек. Мысалы, биіктігі жарты метр болатын жас қарағайға кем дегенде 40 литр су қажет. Ылғал тамыр жүйесіне әбден сіңгені жөн. Көшетті топырағы құрғағанына байланысты суарып отырған абзал. Құрғақ жаз айларында аптасына екі рет суарған жөн.


Ағаштарды кесу керек пе, жәнеде оны қалай дұрыс жасаған жөн?
Ағашты кесудің бірнеше түрі болады: санитарлық, жасарту және пішін жасау. Санитарлық кесуді жасап отыру қажет. Құрғап, сынып қалған, сондай-ақ ағаштың өсуіне кедергі ететін бұталарды кесіп тастау керек. Кескен жерлерді зиянды микробтар түспеуі үшін арнайы бақшалық қайнатпамен немесе майлы сырмен бояп тастаған жақсы.

Күзде жапырақтарды ағаштың астына салған дұрыс па?
Ия, Түскен жапырақтар шіриді де, азот түзеді, ол өз кезегінде топырақты құнарлы етеді.

Сіз ағашты дұрыс отырғыза аласыз ба? Тест өтіп, өзіңізді сынап көріңіз.

 

 


Вернуться назад


Все новости региона на karaganda-region.gov.kz

Аудан жаңалықтары

Архив

Аймақ жаңалықтары

Мемлекеттік бағдарламалар

Сұрау

Валюта бағамдары

Ауа-райы

Ақпараттық порталды қалай бағалайсыз? ОТВЕТИТЬ
Доллар 327.42
Евро 383.51
Рубль 5.29
В Нуринске сейчас: 24°C пасмурно
  • Дымқылдылық: 44%
  • Қысым: 702
  • Жел: 9 м/с

© 2007-2012 Информационный портал аппарата акима Нуринского района
© 2012 Разработка и поддержка: Интернет-компания «Creatida»