Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов Франция елшісі Филипп Мартинэмен кездесті

Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов Франция елсіші Филипп Мартинэмен кездесті. Олар өнеркәсіп және туризм саласындағы әріптестік әлеуетін талқылады.
Аймақ басшысының айтуынша, Қарағанды облысында шыққан өнімдер әлемнің 50 еліне экспортталады, оның ішінде Францияға да. Дегенмен, сыртқы сауда айналымында Франция үлесі небары 0,2% пайызды құрайды, жәнеде соңғы жылдары бұл көрсеткіш төмендеп барады, Ерлан Қошанов облысымыз Франциямен іскерлік байланысты жақсартуға қызығушылық танытатынын атап айтты.
- Біздің ел үшін Қазақстан – стратегиялық серіктес, біз де өнеркәсіп те, туризм саласында да әріптестік орнатуға мүдделіміз. Мен жуырда ғана Парижден оралдым, онда бизнес өкілдерімен кездесу өтті. Бас қосудың басты мақсаты – кәсіпкерлерді Қазақстанмен жұмыс істеуге ынталандыру болды, - деп жауап берді Филипп Мартинэ.
Түрлі салаларда серіктестік орнату үшін француз тілін оқитын студенттер мен мамандармен өзара алмасу қажет екенін атап айтты. Осы мақсатта қазақстандықтардың Францияда оқудан өтуіне 100 грант бөлінген. Гранттық бағдарламаны екі ел бірлесіп қаржыландырады.
Кездесуде Ерлан Қошанов Франция елшісімен туризм саласындағы серіктестік мүмкіндіктерін талқылады және оған облыстың көрнекті жерлері туралы айтып берді. Ол сонымен қатар Филипп Мартинэні Ұлытаудағы кесенені көріп қайтуға шақырды.
- Қазақстанның ең басты көрнекті жерлерінің бірі Қарағанды облысында орналасқан. Ол Ұлытау, онда Шыңғысханның ұлы – Жошы хан жерленген. Бұл бірегей, киелі жер.
Елші мырза бұл шақыруды қуана қабыл алды, жәнеде Қазақстан тарихындағы бұл ескерткіш туралы осыған дейін естімегенін айтты. Кездесуге қатысушылар біздің облысымыздағы ішкі туризмді дамыту бойынша жоспарды құруға француз мамандарын жұмылдыру мүмкіндіктері туралы келісті.
Филип Мартинэге сонымен қатар шет елдік серіктестерді қызықтыруы мүмкін инвест-жобалар тізімі бар каталог ұсынылды.
- Біздің тізімде түрлі салаларды қамтитын, оның ішінде тау-кен өнеркәсібі, химиялық, құрылыс, энергетика, ауыл шаруашылық, тағамдық, медициналық, жолаушы тасымалдау, туризм және тағы басқа салаларды қамтиды. Сіз осы каталогты Франциядағы бизнес өкілдеріне ұсынсаңыз екен дейміз. Бізде «Сарыарқа» еркін экономикалық аймақ бар, онда өндіріс орналасуы мүмкін, - деп атап өтті Ерлан Қошанов.
Елші француздық кәсіпкерлерде әзірге Қазақстанда ірі жобалар жоқтығын, дегенмен елдің ауқымды табиғи ресурстары серіктестік орнатуға тартымды перспективалар ашатынын айтып кетті.
 


Вернуться назад


Все новости региона на karaganda-region.gov.kz

Аудан жаңалықтары

Архив

Аймақ жаңалықтары

Мемлекеттік бағдарламалар

Сұрау

Валюта бағамдары

Ауа-райы

Ақпараттық порталды қалай бағалайсыз? ОТВЕТИТЬ
Доллар 326.17
Евро 401.25
Рубль 5.31
В Нуринске сейчас: 15°C пасмурно
  • Дымқылдылық: 79%
  • Қысым: 710
  • Жел: 6 м/с

© 2007-2012 Информационный портал аппарата акима Нуринского района
© 2012 Разработка и поддержка: Интернет-компания «Creatida»