К. С. Станиславский атындағы театр Сербияда өткен фестивальде халықаралық сыйлықты жеңіп алды

Қарағанды мемлекеттік халықтар Достығы орденінің орыс драма театры Белградта (Сербия) өткен «Славия-2018» XVII халықаралық фестивалінде сәтті өнер көрсетті. Ұжым марапатпен оралды – «Кіші қола Дон Кихот» мүсіншесін иеленді.
Станиславский атындағы театр қазылар алқасының және еуропалық көрермендердің назарына жас мәскеулік поэтесса Дана Сидеростың пьесасы бойынша қойылған «Стена живых» атты қазіргі заманғы өмір үзіндісін ұсынды. Бұл жас жазушының драматургиядағы дебюті болған еді, жәнеде бірінші болып оны қарағандылық театр сахналады. Режиссер – ресейлік маман, Чуваш республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Станислав Васильев.
Сербия астанасында «Стена живых» қойылымын станиславтықтар 13-ші наурызда орындады. Спектакльді көрермендер тамаша қабылдады – ду қол шапалақпен олар актерлерді бірнеше рет бас июге шақырды.
- Бізді Белградта өте ыстық қабылдады және күтіп алды. Біз болсақ, алдындын ала фестиваль ұйымдастырушыларына аннотациялар, роликтер мен афишалар жөнетлкен болатынбыз. Спектакліміздің барлық билеттері сатылып кетіпті, - дейді К. Станиславский атындағы театрдың жетекшісі Дунай Еспаев. – Іріктеу кезеңнен өтіп, осыншама беделді фестивальдің афишасына түсуіміздің өзі біздің жеңістеріміздің бірі деп білеміз. Меніңше, қола Дон Кихот – біздің театр үшін аванс іспеттес. Біз Еуропаға терезе аштық, басты жеңістеріміз әлі алда.
Танымал югославтық театр актрисасы Зорица Йованович Қарағандылықтарға ізгі ниетін жазған хат жолдаған екен.
- Бізді спектакльден кейін құттықтағанда жылы сөздер көптеп айтылды, мен біз сөзді құлағым шалып қалды: ең үздік ансамбльдердің бірі деді. Бұл жоғары баға. Бір ғана орындаушыны ғана атап өтпей, барлық құрамның ойынын мақтау, ір актер өз рөлін тамаша ойнағанның белгісі. Біз үшін бұл керемет мадақ, - деп бөлісті актриса Ирина Городкова.
Сәуірдің 6-да Станиславский атындағы театр Санкт-Петербург қаласына «Балтийский дом» халықаралық фестиваліне ұшады.Көрсетілім үшін ұйымдастырушылар «Ревизор» комедиясын таңдаған екен. Қарағанды сахнасында спектакльді ресейлік режиссер Станислав Васильев қойған болатын.
Режиссермен әріптестік әлі де жалғасуда. Станислав Васильев Қарағандыда Антон Чеховтың пьесасы бойынша «Вишневый сад» қойылымын дайындап жатыр. оның премьерасы мамыр айында болады деп жоспарланып отыр.
«Славия» халықаралық фестивалі Белградта 2001-ші жылдан бері өткізіліп келеді. 2015-ші жылы ол EFFE еуропалық фестивальдер Қауымдастығының мүшесі атанды. Фестивальдің мақсаты үздік жобаларды ұсынып, әлемдік театр өнерінің даму векторын анықтау болып табылады.
Биылғы жылы Белградтағы фестиваль наурыздың 9-ы мен 19-ы аралығында өтті. Оған Сербия, Германия, Мысыр, Иран, Черногория, Грузия, Ресей, Белоруссия және Қазақстан елдерінің театр ұжымдары қатысты.
 


Вернуться назад


Все новости региона на karaganda-region.gov.kz

Аудан жаңалықтары

Архив

Аймақ жаңалықтары

Мемлекеттік бағдарламалар

Сұрау

Валюта бағамдары

Ауа-райы

Ақпараттық порталды қалай бағалайсыз? ОТВЕТИТЬ
Доллар 326.17
Евро 401.25
Рубль 5.31
В Нуринске сейчас: 15°C пасмурно
  • Дымқылдылық: 79%
  • Қысым: 710
  • Жел: 6 м/с

© 2007-2012 Информационный портал аппарата акима Нуринского района
© 2012 Разработка и поддержка: Интернет-компания «Creatida»