Сіздерді шын жүректен көктемнің басты мерекесі – Наурыз мейрамымен құттықтаймыз!

Құрметті қарағандылықтар!
Сіздерді шын жүректен көктемнің басты мерекесі – Наурыз мейрамымен құттықтаймыз!
Өзінің көпғасырлық тарихында бұл мереке табиғаттың оянуы, рухани тазару, халқымыздың әдет-ғұрпымыздың сақталуының белгісіне айналған. Аталмыш мейрамның қайта жанданғанына көп уақыт болған жоқ, сондықтан да болар ол жаңа мәнге ие болды. Наурыз бүгінгі таңда барлық қазақстандықтар үшін сонымен бірге ағайындық пен тұрақтылықтың белгісі болып табылады.
Көктем келісімен, біздің ата-бабаларымыз жақсы өзгерістерді күтіп, үміттенген. Қазір де мереке күндері қол жеткізген жетістіктерді саралап, қорытынды жасап, болашаққа жоспар құрған абзал.
Биылғы жылдың Наурызы мемлекеттің халқымыздың дәулеттілігіне үлкен қадам жасауымен есте қалады. Біздің Президент 5 әлеуметтік бастамаларды алға қойды, олардың пайдасын еліміздің жүз мыңдаған халқы сезінеді.
Бастамалар баспаналардың қолжетімділігін, білімнің жаңа сапасын, ыңғайлы салықтық саясатты қарастырады, алайда біздің аймақ үшін ең бастысы облыс халқының 70%-ын қамтитын газдандыру жобасы болмақ.
Біздің мақсатымыз – осы бастамалардың барлығын сәтті орындап, өңіріміздің әр тұрғыны мемлекеттің жаңа әлеуметтік саясатының игіліктерін пайдалана алу үшін жағдай жасау болып табылады.

Құрметті жерлестер!
Осы бір тамаша көктемгі мереке күні біздің шын жүректен айтылған тілектерімізді қабыл алыңыздар. Дендеріңіз сау, отбасыларыңыз аман болсын.
Көктемгі күн шуағының жылуымен қоса Наурыз мейрамы әр шаңыраққа бақыт, дәулет және қуаныш алып келсін!
Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!

Қарағанды облысының әкімі
Е.Қошанов
Облыстық мәслихаттың хатшысы
С.Өтешов
 


Вернуться назад


Все новости региона на karaganda-region.gov.kz

Аудан жаңалықтары

Архив

Аймақ жаңалықтары

Мемлекеттік бағдарламалар

Сұрау

Валюта бағамдары

Ауа-райы

Ақпараттық порталды қалай бағалайсыз? ОТВЕТИТЬ
Доллар 326.17
Евро 401.25
Рубль 5.31
В Нуринске сейчас: 15°C пасмурно
  • Дымқылдылық: 79%
  • Қысым: 710
  • Жел: 6 м/с

© 2007-2012 Информационный портал аппарата акима Нуринского района
© 2012 Разработка и поддержка: Интернет-компания «Creatida»