Теміртауда мұз астынан жылтыр қармаққа балық аулау бойынша XV әлем чемпионаты басталды

Мұз астынан жылтыр қармаққа балық аулау бойынша әлемдік чемпионат наурыздың 13-і мен 17-і аралығында Теміртау қаласындағы Самарқанд су қоймасында өтеді. Ең үздік балықшы атағына 13 елден келген қатысушылар таласатын болады.
Турнирге Қазақстан, Ресей, Украина, Беларус, Эстония, Литва, Латвия, Польша, Финляндия, Норвегия, Швеция, Моңғолия және АҚШ елдерінің өкілдері жиналды.
- Чемпионатты өткізу құқығына екі ел таласқа түсті: Болгария және Қазақстан. Қорытынды шешім өткен жылдың наурыз айында қабылданған болатын. Негізгі критерий су қоймасында балықтың болуы, сондай-ақ қолжетмді арақашықтықта инфрақұрылымның болуы шарт еді. Сондықтан біздің Самарқанд су қоймасы жақсы келді, - дейді Қарағанды облысының балық аулау спорт федерациясының төрағасы Жанат Дүйсембаев.
Қазақстанның құрама командасына алты адам енді. Ол үшін оларға алдын ала бес іріктеу кезеңдерден өту керек болатын. Басқада қатысушы елдердің командалары да алты балықшылардан құралған. Әлемдік чемпионат талаптары бойынша олар екі күн қатарынан Самарқанд су қоймасының түрлі бөліктерінде сайысатын болады. Балық аулау үзіліссіз үш сағат бойы жалғасады. Сайыстың барлық ережелерінің сақталуын 15 төреші бақылайды. Олардың оны – қазақстандықтар, бесеуі – басқа елдердің өкілдері.
Қазылар алқасы екі күнде ауланған балықтың жалпы салмағын тіркейді. Ең көп балық аулаған үш команда және үш жеке есептегі балықшылар жеңімпаз атанады. Оларды медальдармен және кубоктармен марапаттап, демеушілер тарапынан берілген сыйлықтар табыс етіледі.
Чемпионатқа кедергі болатын ауа райының қобалжуын ұйымдастырушылар болжап отырған жоқ.
- Болжам бойынша күннің кенеттен және қатты жылып кетуі күтілмейді. Оған қоса ақпанның соңында Самарқанд су қоймасындағы мұздың қалыңдығын өлшегенде 1,1 метр болған. Әдетте мұндай көрсеткіште мұз сәуір айының ортасынан ерте ерімейді. Еуропада мұздың жұқаруына байланысты сайысты басқа уақытқа ауыстыру жайттары болған. Алайда ол жерлерде су қоймаларындағы мұздың қалыңдығы әрі кетсе 30-40 сантимертге дейін ғана баратынын ескерген жөн, - деп түсіндірді Жанат Дүйсембаев.
Сайыс наурыздың 13-і мен 17-і аралығында өтеді. Алғашқы үш күнде қатысушылар жаттығады және допинг-сынақтардан өтеді. 16 және 17 наурызда 10.00-ден 13.00-ге дейін негізгі кезеңдер өтеді. Су қоймасының жағалауында орналасқан «Космонавт» туристік базасы чемпионат өткен уақыт аралығында көрермендер үшін арнайы түрде кіруді тегін етіп, анағұрлым көбірек жанкүйерлер жинамақшы.
Мұз астынан жылтыр қармақпен балық аулау бойынша өткен осының алдындағы әлем чемпионаты 2017-ші жылдың ақпанында Латвияда, Рига маңындағы Кіші Балтэзерс көлінде ұйымдастырылған болатын. Оған 14 елдің балықшылары қатысты. Екі кезеңнің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы жалпы есептегенде 11, 255 кг балық аулап, жетінші орынды иеленген болатын. Бірінші орынды Украина құрамасы жеңіп алды. Олардың аулаған балықтарының жалпы салмағы 15, 96 кг құрады. Екінші орында 14,940 кг балық аулаған Латвия балықшылары болды. Ал үздік үштікті латвиялық қарсыластарынан небары 175 граммға азырақ балық аулаған Ресей құрамасы қорытындылады.
Қазақстанда мұндай чемпионат бірінші рет өткізіліп отырған жоқ. 2012-ші жылы әлемдік біріншілікті Қапшағай су қоймасында өткізген болатын.
 


Вернуться назад


Все новости региона на karaganda-region.gov.kz

Аудан жаңалықтары

Архив

Аймақ жаңалықтары

Мемлекеттік бағдарламалар

Сұрау

Валюта бағамдары

Ауа-райы

Ақпараттық порталды қалай бағалайсыз? ОТВЕТИТЬ
Доллар 339.95
Евро 392.64
Рубль 5.30
В Нуринске сейчас: 15°C ашық
  • Дымқылдылық: 53%
  • Қысым: 713
  • Жел: 3 м/с

© 2007-2012 Информационный портал аппарата акима Нуринского района
© 2012 Разработка и поддержка: Интернет-компания «Creatida»