Шахан тұрғындары жаңа модульді қазандықтардың жұмысына көңілдері толатынын айтты

Қарағанды облысының Шахан кентінде қауіпсіздік сақтау мақсатында көпқабатты үйлердің жертөлелеріндегі барлық жылыту қазандықтары сыртқа шығарылды. 11 блокты-модульді қазандықтар орнатылды.
Шығындар 83 млн теңгені құрады. Қарағанды облысы әкімдігі және Eurasian Resources Group (ERG) арасында өзара серіктестік орнату туралы меморандум шеңберінде жұмыстардың басым бөлігіне «Шұбаркөл Көмір» АҚ демеушілік етті. Осылайша, компания «Туған жер» бағдарламасының жүзеге асуына өзінің үлесін қосты.
Демеушілер Шаханға келіп, өз көздерімен құрылғы қалай жұмыс істеп жатқанын көріп қайтты. Компания өкілдері үйлердің басқарушыларымен, пеш жағушылармен, сондай-ақ тұрғындармен кездесті. Халық пеш жағушылардың жұмысы жеңілдетілгенін, жәнеде үйлер анағұрлым жылы болғанын айтты. Шахан тұрғындары демеушілерге алғыстарын жеткізді.


Шахтинск әкімдігінің баспасөз-қызметі берген ақпарат бойынша
 


Вернуться назад


Все новости региона на karaganda-region.gov.kz

Аудан жаңалықтары

Архив

Аймақ жаңалықтары

Мемлекеттік бағдарламалар

Сұрау

Валюта бағамдары

Ауа-райы

Ақпараттық порталды қалай бағалайсыз? ОТВЕТИТЬ
Доллар 339.95
Евро 392.64
Рубль 5.30
В Нуринске сейчас: 15°C ашық
  • Дымқылдылық: 53%
  • Қысым: 713
  • Жел: 3 м/с

© 2007-2012 Информационный портал аппарата акима Нуринского района
© 2012 Разработка и поддержка: Интернет-компания «Creatida»