Бейнелеу өнері мұражайында «Қазақстан суретшілерінің мұрасы» атты көрме ашылды

Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайында «Қазақстан суретшілерінің мұрасы» атты көрме өтіп жатыр. Экспозицияның негізгі идеясы – қазақстандық суретшілердің туындыларында Отанға деген сүйіспеншілік, оның тарихына деген ыстық сезімдер тақырыбын ашу. Мұнда портреттік жанр кеңінен ұсынылған. Бұл картиналарда Қазақстанның тарихы белгілі тұлғалардың бейнесі арқылы байқалады. Көрермендер Қазыбек би, Құрманғазы, Абай Құнанбаев, Шашубай Қошқарбаев, Күләш Байсейітова, Қаныш Сәтпаев және Олжан Сүлейменовтың портреттерін тамашалай алады. Экспонаттар арасында Айбек Бегалиннің «Бұқар Жырау портреті» атты туындысы бар. Ал суретшілер Мәжит Байтенов, Михаил Подлесный, Владимир Ким болса, өз жұмыстарында еліміздің индустриализациялануын бейнелеген.
Экспозицияда Абылхан Қастеев, Қанафия Телжанов, Гүлфайрус Исмаилова, Хамза Кәкімов және тағы да басқа танымал шеберлердің туындылары жинақталған. Олардың есімдері Қазақстан тарихының тұтас бір бөлшегі болп табылады.
Көрменің ашылуы күні мектеп оқушылары үшін «Ұлы даланың ұлы тұлғалары: Қазыбек би және Бұқар жырау» тақырыбында мұражайлық сабақ өткізілді.
Көрме ақпанның 27-не дейін жалғасады.
 


Вернуться назад


Все новости региона на karaganda-region.gov.kz

Аудан жаңалықтары

Архив

Аймақ жаңалықтары

Мемлекеттік бағдарламалар

Сұрау

Валюта бағамдары

Ауа-райы

Ақпараттық порталды қалай бағалайсыз? ОТВЕТИТЬ
Доллар 339.95
Евро 392.64
Рубль 5.30
В Нуринске сейчас: 15°C ашық
  • Дымқылдылық: 53%
  • Қысым: 713
  • Жел: 3 м/с

© 2007-2012 Информационный портал аппарата акима Нуринского района
© 2012 Разработка и поддержка: Интернет-компания «Creatida»