Полицейлер есінен танып қалған жүргізуші әйелді құтқарып қалды

Қарағандылық полицейлер көлік тізгіндеп келе жатып есінен танып қалған жүргізуші әйелге көмек көрсетті.
Оқиға 14-ші ақпанда Қарағандының қозғалысы қалың жол қиылысында орын алған. Полицейлер «Қарағанды-Павлодар» трассасын бақылауға бет алып бара жатқан. Экипаж құрамында взвод командирі, полиция капитаны Мақсат Серікбеков және полиция старшинасы Мақсат Смайылов болған. Тәртіп сақшылары Сәтпаев көшесі мен Бұқар Жырау даңғылының қиылысында тоқтап қалған көлікті байқаған.
Жүргізуші әйел көлікті басқарып келе жатып, есінен танып қалған екен. Салонда бұл мезетте екі жолаушы болған, оның біреуі кішкентай бала.
Полицейлер әйелді өздерінің қызметтік көлігіне отырғызып, жақын маңдағы ауруханаға алып барған. Соңыра белгілі болғандай, ол әйел жүкті болған жәнеде қант диабетімен ауырады. Дәрігерлер науқасты жан сақтау бөліміне жатқызған.
Осылайша, полицейлер жүкті әйелдің және оның болашақ нәрестесінің өмірін аман алып қалған.
Әйелдің ата-анасы қызын құтқарған тәртіп сақшыларына алғыстарын айтып, Жергілікті полиция қызметінің басшылығына хат жолдаған. Олар уақытында көмек көрсеткен экипажды мадақтауларын сұрайды.
 


Вернуться назад


Все новости региона на karaganda-region.gov.kz

Аудан жаңалықтары

Архив

Аймақ жаңалықтары

Мемлекеттік бағдарламалар

Сұрау

Валюта бағамдары

Ауа-райы

Ақпараттық порталды қалай бағалайсыз? ОТВЕТИТЬ
Доллар 339.95
Евро 392.64
Рубль 5.30
В Нуринске сейчас: 15°C ашық
  • Дымқылдылық: 53%
  • Қысым: 713
  • Жел: 3 м/с

© 2007-2012 Информационный портал аппарата акима Нуринского района
© 2012 Разработка и поддержка: Интернет-компания «Creatida»