Қарағанды облысының әкімдігінде кәсіпкерлердің проблемалары талқыланды

Қарағанды облысының әкімдігінде аймақ басшысы Ерлан Қошановтың төрағалығымен кәсіпкерлік мәселелеріне қатысты жиналыс өтті. Бизнесмендер атқарушы билік органдары шешімін табуға көмектесе алатын өзекті мәселелерді ортаға салды.
Кездесу барысында талқыланған ең басты проблемалардың бірі ауылшаруашылық кооперативтердің коммуникацияларға қосылуы мүмкін болмай тұрғаны болды. Заң бойынша бұл мүмкіндікті жергілікті атқару билік органдары жасауы тиіс, алайда осы уақытқа дейін электр қуатымен және кәрізбен барлық кооперативтер қамтамасыз етілмеген.
Дәлірек айтар болсақ, Шет ауданында 11 ауылшаруашылық кооперативтерінің 4-де желілерге қосылуға қатысты проблемалары бар. Бұл мәселе жергілікті әкімнің бақылауында. Ал Нұра ауданында әкім Ниқанбай Омархановтың айтуынша, бұл мәселе шешімін тапқан.
Сонымен қатар жиналыста кәсіпкерлер жер аукциондарының мерзімділігі тақырыбын қозғады. Серіктес қалалар мен ауылдық аудандарда жер телімін тек саудаға қатысып қана алуға болады, алайда сауда өткізілмейді. Бұл мәселеге қатысты кәсіпкерлер әсіресе Шахтинск басышылығына қатты налыды. Онда 2017-ші жылы бірде бір сауда жүргізілмеген екен.
- Біз жер телімдерін бермеуіміздің себебі - аукциондар өткізуге қаражат қарастырылмаған. Биылғы жылы 27 жер бөліктерін саудалаймыз деп жоспарлап отырмыз, бұл мақсатқа 5 миллион теңге қарастырылды, - деп мәлімдеді Шахтинск әкімі Сержан Аймақов.
Жағдайды жақсарту үшін кәсіпкерлер іс жүзіндегі бос жер телімдерінің электрондық картасын жетілдіруді ұсынды. Олардың пікірінше, мәліметтерді уақытылы жаңартып отыру керек, сондай-ақ тізімге толығырақ мәлімет қосу қажет. Бұл жағдайда әлеуетті сатып алушыда алдын ала жер телімінің сипаттамасымен танысып алуға мүмкіндігі болады.
Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов қала және аудан әкімдеріне жиналыс барысында ортаға салынған осы және басқа да мәселелерді шешу жолдарын табуды жәнеде оларды жақын уақытта көрсетуді тапсырды.
 


Вернуться назад


Все новости региона на karaganda-region.gov.kz

Аудан жаңалықтары

Архив

Аймақ жаңалықтары

Мемлекеттік бағдарламалар

Сұрау

Валюта бағамдары

Ауа-райы

Ақпараттық порталды қалай бағалайсыз? ОТВЕТИТЬ
Доллар 339.95
Евро 392.64
Рубль 5.30
В Нуринске сейчас: 15°C ашық
  • Дымқылдылық: 53%
  • Қысым: 713
  • Жел: 3 м/с

© 2007-2012 Информационный портал аппарата акима Нуринского района
© 2012 Разработка и поддержка: Интернет-компания «Creatida»