Ауылдық округтердің әкімдерін көктемгі су тасқынына дұрыс әзірленуге даярлауда

Ақпанның басынан бастап Қарағанды облысының ТЖ бойынша Департаментінде көктемгі су тасқыны кезінде анағұрлым қауіпке бейім ауылдық округтердің әкімдері мен аудан әкімдіктерінің қызметкерлері үшін оқу-әдістемелік жиындар өткізілуде.

Басты мақсат – табиғи апаттағы төтенше жағдайлар пайда болғанда және қауіп төнгенде дұрыс әрекеттер жасауға үйрету болып табылады. Дәлірек айтар болсақ, бұл ретте көбінесе көктемгі су тасқыны, сондай-ақ табиғи өртті сөндіруге басым назар аударылады. Осы форматтағы оқу-әдістемелік жиындар аймағымызда бірінші рет өткізіліп отыр. Бағдарлама екі күнге шақталған, алдын ала болжам бойынша 73 тыңдарман қатысуы тиіс. Оларға азаматтық қорғаныс саласындағы заңнама және жергілікті атқару органдарының құзыреттері түсіндіріледі, тұрғындар мен аумақты су тасқынына қалай дайындау керектігі көрсетіліп, оқытылады.
Сонымен қатар гидрологиялық бекеттердің жұмыстарына қойылатын талап, хабарландыру агоритмі, эвакуацияға дайындау және өткізу, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және т.б. туралы айтылады.
Тыңдаушылар қатарында – Ақтоғай, Қарқаралы, Осакаров, Шет, Бұқар Жырау, Ұлытау және Жаңаарқа аудандарының ауылдық округтерінің мамандары мен әкімдері бар.
 


Вернуться назад


Все новости региона на karaganda-region.gov.kz

Аудан жаңалықтары

Архив

Аймақ жаңалықтары

Мемлекеттік бағдарламалар

Сұрау

Валюта бағамдары

Ауа-райы

Ақпараттық порталды қалай бағалайсыз? ОТВЕТИТЬ
Доллар 339.95
Евро 392.64
Рубль 5.30
В Нуринске сейчас: 15°C ашық
  • Дымқылдылық: 53%
  • Қысым: 713
  • Жел: 3 м/с

© 2007-2012 Информационный портал аппарата акима Нуринского района
© 2012 Разработка и поддержка: Интернет-компания «Creatida»